- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Министр Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 29 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Абделазиз әл-Даудты қабылдады.
Кездесу барысында Елші Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудтың жолдауын табыстады.
Cұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесін талқылады. Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
- 30.12.2021
- 201