• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шөкеев Ө. Е.
Шөкеев Ө. Е.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қадірлі түркістандықтар! Сіздерді 1 желтоқан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қадірлі түркістандықтар!

Сіздерді 1 желтоқан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мерекенің тарихи мәні бар. 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғашқы бүкілхалықтық сайлау өтіп, нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып таңдалды. Сайлау барысында дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болды. Тәуелсіздік жылнамасындағы осы тарихи сәт назарға алынып, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, жаңа мереке күнтізбеге енгізілді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалап, әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алуында Тұңғыш Президентіміздің орны айрықша. Елбасының ерен еңбегі мен көшбасшылық қабілетінің арқасында Қазақстан біраз белесті бағындырды. Алмағайып оқиғаға толы XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында алпауыт Ресей мен Қытай, сонымен бірге Орта Азиядағы көршілес үш мемлекетпен саяси әрі дипломатиялық келіссөздер жүргізіліп, 14 мың шақырымға жуық шекараны халықаралық деңгейде шегендеу жұмыстары аяқталды. Мемлекетіміздің шекарасы халықаралық деңгейде мойындалды.

Елбасының елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру стратегиялық мақсатымен қатар Түркістанды облыс орталығы етуі – болашақ үшін жасалған ең маңызды қадамның бірі. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан облыс орталығы болып бекітілді. Міне, осы үш жылдам астам уақыт ішінде Түркістан өңірі ауқымды құрылыс аймағына айналып, аса маңызды жобалар жүзеге асырылды. соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн. теңгеден астам инвестиция бағытталып, 5 есеге өсті. Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жұмыстары жоспарға сай атқарылып келеді. Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланды. 536 жоба іске асып, 250-ден астам нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Тек Түркістан қаласы емес, тұтас облыс елді мекендерінің инфрақұрылымы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді. Осы өзгерістерге Елбасының тарихи Жарлығының тікелей әсері бар.

Баршаңызды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, бақ-береке, сарқылмас күш-қайрат пен бақыт тілейміз! Елбасымыз аман, еліміз мәңгі жасай берсін!

  • 30.12.2021
  • 112
Шөкеев Ө. Е.

Түркістан облысының әкімі

Шөкеев Ө. Е.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика