- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Өлім жазасының күшін жою туралы
Бүгінгі таңда әлемде өлім жазасынан заң жүзінде немесе іс жүзінде бас тартқан 150-ден астам ел бар. Қазақстан да жалпы әлемдік үрдістер арнасында ілгерілеп келеді және осы бағытты дәйектілікпен ұстанып келеді.
Өлім жазасын толық жоюға деген бағыт 2003 жығы желтоқсанда, Президент өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде алынғанын еске сала кетейін.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында өлім жазасын толық жоюдағы елдің саяси бағытын растап, қылмыстық заңның нормаларын Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасының ережелерімен үйлестіруді тапсырды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы өлім жазасынан қандай да бір шарттар мен ескертпелерсіз толық бас тарту туралы шешімді қайта жариялады.
2021 жылғы 23 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңды қабылдады және ағымдағы жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы оған қол қойды.
Бұл қадам республикамыздың гуманизм идеялары мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде жария етілген құндылықтарға бейілділігін растайды және адам құқықтары саласындағы прогрестің және өмірге деген құқықтың конституциялық кепілдігін қамтамасыз етудің айғағы болып табылады.
- 30.12.2021
- 222