- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Жеке қабылдау бойынша жұмыс туралы
Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс туралы тақырыпты жалғастыру үшін халықпен сындарлы диалогтың тағы бір түрі – жеке қабылдау туралы айтқым келеді.
Азаматтардың өтініші, яғни жүгіну институты арқылы мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу мүмкіндігі бар.
Ағымдағы жылы прокуратура басшылығы 19 мыңнан астам азаматты қабылдады.
Жеке қабылдау кезінде прокурорлардың өтініш берушілермен қарым-қатынас әдістері түбегейлі өзгерді, оларға қол жетімді диалог жүргіземіз, шағымдарды жедел шешу үшін шаралар қабылдаймыз, осылайша өтініштерді қарау сапасын арттырудамыз.
Прокурорлар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ұйымдастырған мемлекеттік органдармен азаматтарды бірлескен қабылдауға белсене атсалысады. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында тұрақты түрде жеке қабылдау жүргізіледі.
Пандемияға байланысты өз жұмысымызды қайта ұйымдастырып, бейнеконференцбайланыс пен ZOOM платформасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланамыз.
Кері байланыстың тиімді тетігін қалыптастырудамыз, өтініштерімен жұмыс істеуді ұйымдастыруда жаңа жүйелі тәсілдер енгізілуде.
Облыстардағы прокуратуралардың барлығында дерлік Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмыс істейді. Биыл 14 196 адам өтінішпен жүгінді.
Барлық жерде өтініш берушілердің қатысуымен азаматтардың өтініштерін қарау практикасы енгізілуде.
Жұмыс жалғасуда.
- 31.12.2021
- 366