• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Бүгін қаладағы медициналық ұйымдарды аралап, ірі дәрілік қоймаларының жұмысымен таныстым.

Қалалық модульдік жұқпалы аурулар орталығында жұмыс штаттық режимде жалғасуда. Төсек орындары оттегі нүктелерімен және дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараттары, КТ, рентген аппараттары, жалпы жұқтырған науқастарды емдеуге арналған барлық қажетті жабдықтар бар. Аурухана басшылығына  емдеу іс-шараларын ұйымдастырудың тиімділігіне аса назар аударып, жалпы жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырдым.
Мамандандырылған инфекциялық стационарда бүгінгі күні барлығы 403 орын бар. Қазіргі уақытта стационарлық бөлімшеде 120 адам, жансақтау бөлімінде 14 науқас жатыр. Реанимациядағы науқастардың жағдайы орташа ауыр. Жалпы, қала бойынша инфекциялық төсек орындардың толымдылығы стационарларда  26%, реанимацияда – 12% құрайды. Эпидемиологиялық жағдай өршіген тұста  төсек орындар саны 5 мыңға дейін жеткізіледі. Бұл үшін медициналық ұйымдарда қажеттінің барлығы дайын.
Сондай-ақ, бөлшек сауда желілеріне жеткізуді жүзеге асыратын дәрілік препараттардың ірі қоймаларына бардым. Қалада барлығы 10 ірі қойма бар, бүгінгі таңда олар 400-ден астам ірі фармацевтикалық компаниялардың өнімдерімен жұмыс істейді, 600-ден астам қалалық дәріхана желілерімен келісімдер жасалды, барлық дәрі-дәрмек қоймаларында екі айлық дәрі-дәрмек қоры жинақталған. Осыған қарамастан, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында, инфекция өршіген тұста  ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, симптоматикалық   дәрі-дәрмектердің одан да көп қоры болуының маңыздылығын атап өттім.
Жедел медициналық жәрдем шақыруларын қабылдау бойынша call-орталықта жұмыс әдеттегі режимде жалғасуда. Коронавирустық инфекция белгілері бар қоңыраулардың айтарлықтай көбейгендігі байқалады. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта жүкті әйелдердің қоңырау шалуы көбейді. Бүгінгі таңда, коронавирус инфекциясы анықталған 11 әйел ауруханаға жатқызылды. Осы тұста қала тұрғындарына айтарым, вакцинация және ревакцинацияны уақытылы жасап, қауіпті инфекциядан өзіңізді қорғаңыз.

  • 18.01.2022
  • 232
Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика