- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Абай ауданда орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен кездестім.
Алтынтөбе, Батыс, Ынтымақ-2 тұрғын алаптары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Алтынтөбе тұрғын алабында өткен жылы 8,1 км газ құбыры салынды. Биыл жылыту маусымы аяқталғаннан кейін газ тарату станциясының қуатымен 1231 адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
Биылғы жылы тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында электр беру желілерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру және жолдарды асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Тиісті басқармаларға осы жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырдым. Шымкент қаласының барлық аумағында тұратын адамдар сапалы электр энергиясымен және барлық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жоспар бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Тұрғындармен кездесу нәтижелерімен тұрғын үй алаптарындағы аялдамаларының санын көбейтуді және осы қоғамдық көліктердің жүру бағыттарына өзгеріс енгізуін тапсырдым.
Жалпы, барлық тұрғын алаптарында газбен, сапалы электр қуатымен және интернет жүйесімен қамтамасыз ету мәселелері үнемі менің жеке бақылауымда.
- 18.01.2022
- 190