- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Электр энергиясы
Электр энергиясы бұл өте өзекті сұрақ, әрі маңызды мәселе. Қала аумағында 2021 жылдың өзінде 21,3 мыңға жуық адам (Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Ақжар, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері) сапалы электр жүйесіне қол жеткізіп, қамту көрсеткіші 97 %-ды құрады. Ағымдағы жылы 12 нысан құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2 подстанция, 6 елді мекендегі 22 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтылатын болады. Демек 7,3 млрд теңге халыққа жеткізілетін электр қуатының одан да сапалы, әрі тиімді жетуін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын қаржы. 2025 жылы қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда. Біздің мақсатымыз - халықты ең алдымен үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасау. Аталған мүмкіндікті туғызуға барымызды салудамыз.
- 19.01.2022
- 153