- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Бүгін Еңбекші ауданына қарасты Қазығұрт аумағының тұрғындарымен кездестім.
Тоғыс, Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас сынды 5 тұрғын алапты бiрiктiретiн аумақта 16,5 мыңнан астам халық тұрады.
Аумақтың 95,2%-ы – сапалы электр қуатымен, 97,4-%-ы – ауыз сумен, 94%-ы – табиғы газбен қамтылған. Қалған абоненттердi коммуналдық игiлiктерге қосу бюджетті қайта қарау кезiнде нақтыланады.
Биыл аталған аумақтағы 21 көшені (Тоғыста – 2, Елтайда – 7, Айнатаста – 10, Жыланбұзғанда – 2) көшенi асфальттау жоспарда бар.
Былтыр Тоғыс тұрғын алабынан орталық коллекторға 12 шақырым магистралды кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 24 көпқабатты үй орталық кәріз жүйесіне қосылды.
Биыл 5 көше жарықтандырылады. Ал көпқабатты тұрғын үйлердiң аулаларын жарықтандыру бойынша ЖСҚ әзірленді. Мәселе алдағы мәслихат сессиясына ұсынылады.
Тұрғындар көтерген интернет сапасына қатысты проблемалар бойынша айтарым – бүгiнде Елтай және Тоғыс тұрғын алаптарына базалық станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Мәселе II тоқсанда толық шешiмiн табады.
Кездесу кезiнде тұрғындар жер телiмiн заңдастыру, жаңа мектеп салу, қоғамдық көлік сынды мәселелерге айрықша тоқталды.
Азаматтарға алда атқарылар ауқымды жобалар туралы баяндап, биыл қолға алынатын кешенді жұмыстар туралы түсіндiрдiм. Пiкiрлерiн тындап, ұсыныстарын түртiп алдым.
Жиын қорытындысы бойынша айтылған мәселелердi жан-жақты саралау үшiн жауапты тұлғаларға бiрқатар нақтылы тапсырмалар бердім.
- 25.01.2022
- 224