• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
НЕГІЗГІ ҚУАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ АРҚЫЛЫ ЕРКІН НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ

Мемлекет басшысы қаңтардағы сөйлеген сөзінде елімізде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе ұлттық табыстың жалпы өсімін қамтамасыз етуде жеткілікті тиімділік көрсеткенін, бірақ бұл ретте оны бөлуде тиімсіз болып табылатынын атап өтті. Экономикалық өсудің негізгі пайда алушылары қаржы-олигархиялық топтар болды, ал қалыптасқан олигополиялар еркін нарықтың дамуын айтарлықтай шектеді және елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Көп жағдайда бұл жағдай шағын және орта бизнестің "негізгі қуат" деп аталатын қуатқа шектеулі қол жетімділігіне байланысты.

2021 жылғы 30 желтоқсанда бәсекелестікті дамыту жөніндегі заңға қол қойылды, оның нормалары іс жүзінде Мемлекет басшысының Қазақстан экономикасын одан әрі мемлекет иелігінен алу және елдің негізгі нарықтарына жаңа ойыншылардың кіруіне жол ашу жөніндегі тапсырмаларын орындауға негіз болды. Заңның негізгі бағыттарының бірі – шағын және орта бизнестің "негізгі қуатқа", яғни инфрақұрылымға немесе объектілерге қол жеткізуін қамтамасыз ету, оларға қол жеткізусіз релевантты немесе аралас нарықтарда қызметтің белгілі бір түрлерін орындау мүмкін емес.

Негізгі қуаттың мысалдары – магистральдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, одан әрі қайта бөлуге арналған бастапқы металдар, мұнай өңдеуге арналған мұнай, теңіз порты, дәрі-дәрмек өндіруге арналған субстанциялар, өндіріс технологиялары. Негізгі қуат – онда болашақта бизнес құрылатын негіз болып табылады.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заңда үстем компаниялардың (ОЭК, көлік, байланыс, өнеркәсіп және т.б. салалар) инфрақұрылымы мен ресурстарына қол жеткізудің негізгі қағидаттары айқындалған: тең қолжетімділік, ашықтық, ақылылық.

Бұдан басқа, заңды іске асыру үшін негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары әзірленеді, онда қол жеткізу шарттары мен нысанасы, мерзімдері, бас тарту негіздері, өтінімдерді қарау тәртібі және басқалары айқындалатын болады.

Қазіргі уақытта БҚДА монополиялық тауар нарықтарына (мұнай және мұнай өнімдері, тауар газы, электр энергиясы, көлік және байланыс, қаржы нарықтары) монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту тұрғысынан кешенді талдау жүргізуге кірісті. Талдау монополиялық топтар қызметінің аралас тауар нарықтарына әсерін, олардың экономикалық тиімділігін және монополиялық шығындардың болуын бағалауға мүмкіндік береді.

  • 28.01.2022
  • 304
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика