• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралары

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 11.01.2022 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру бөлігіндегі тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі келіссөздер жүргізді және ірі азық-түлік сауда желілерімен өткен жылғы деңгейде бағаны ұстап тұру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік басқармасы және Ақтөбе қаласының барлық аудандық әкімдіктері әлеуметтік сауда нүктелеріндегі өнім бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру бойынша комиссия отырысы өткізілді, оның шеңберінде ӘМАТ-қа сауда үстемесінен асып түсуді анықтау мақсатында Ақтөбе қаласы бойынша сауда желілері мен базарларына тексеру жүргізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың бекітілген қағидалары (Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №391 қаулысы) шеңберінде мынадай тетіктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

- ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану;

- кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру (айналым схемасы).

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін іске асыру үшін қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 60,0 тонна күріш, 2647,1 тонна картоп, 60,0 тонна қырыққабат, 300,0 тонна пияз, 533,9 тонна сәбіз және 100,0 тонна өсімдік майы бар, 437,8 тонна картоп, 70 тонна пияз өнімдеріне қосымша форвардтық келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ, 300,0 тонна қант сатып алу жоспарлануда.

2021 жылдың соңында Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімімен 2 млрд.теңге, оның ішінде тұрақтандыру қорына 1 млрд. теңге (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, түйіршіктелген қант, қарақұмық жармасын сатып алу үшін) және айналым схемасы бойынша қарыз беру үшін 1 млрд. теңге бөлінді.

Өңірлерді дамыту картасы (ӨДК – 2022 ж.) шеңберінде айналым схемасы бойынша қарыз алу үшін республикалық бюджеттен 5 млрд.теңге сомасына қосымша қаржыландыру сұралды.

Ағымдағы жылғы 19 қаңтарда азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия өткізді , онда "айналым схемасы" шеңберінде қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілері айқындалды: "Рамазан" ЖШС - 460,0 млн.тг, "НАМК" ЖШС - 20,0 млн. тг, "Тау" Агрофирмасы" ЖШС - 100,0 млн. тг, "Мәртөк Сүт" ЖШС-50,0 млн. тг. Ақтөбе қаласының сауда желілері мен базарларына макарон өнімдерін, сүт өнімдерін (айран, сүт, сүзбе, сары май), жұмыртқаны бір жыл ішінде төмендетілген белгіленген бағамен жеткізетін болады.

Әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарынан форвардтық сатып алу жолымен сатып алынған 1-сұрыпты ұн пайдаланылады. Тіркелген төмендетілген бағамен сатып алынған ұн нан пісіру кәсіпорындарына 1-сұрыпты нан пісіру үшін жеткізіледі, ол бөлшек саудада бір бөлке үшін 84 теңге бағамен сатылады.

Биылғы жылы облыстың ұн тарту кәсіпорындарына ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-дан азық-түлік астығын сату кезінде ұлттық компания шеккен шығыстарды өтеуді субсидиялау есебінен белгіленген баға бойынша тоннасына 90 мың теңге 19,0 мың тонна бидай бөлу жоспарлануда. Ұн тартатын кәсіпорындар 1-сұрыпты ұн әлеуметтік нан пісіру үшін наубайханаларға одан әрі бөлшек сауда желісінде бір бөлке үшін 86 теңге (550 грамм) бағамен сатыла отырып, берілетін болады.

Бұдан басқа, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін 2022 жылдың тоқсандарына бекіту бойынша облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде.

Жалпы статистикалық жедел ақпарат бойынша облыста ағымдағы жылдың басынан бастап 18 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының индексі 100,1%, республикалық (ҚР-100,3%) құрайды.

Жалпы облыста сауда орындарында азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар, азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды

  • 28.01.2022
  • 284
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика