- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөніндегі шаралар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеу Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың бекітілген қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады (әкімдіктің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі №394 қаулысы).
ӘМАТ баға белгілеу тетігін іске асыруға 4 млрд.803 млн. теңге, оның ішінде тұрақтандыру қорының қызметіне - 2819 млн. теңге, "айналым схемасына" - 1984 млн. теңге бөлінді.
Тұрақтандыру қорына өнімді форвардтық сатып алуға 450 млн.теңге сомасында және ӘМАТ өткізу бойынша бөлшек сауда желісіне 400 млн. теңге сомасында қарыз беру үшін "айналым схемасын" қосымша бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда.
Тұрақтандыру қорында 1,9 млрд. теңге сомасына 8,1 мың тонна көлемінде 14 атау бойынша қорлар қалыптастырылған.
442 млн. теңге сомасына азық-түлік тауарларын форвардтық сатып алу жүзеге асырылды.
"Тобыл" ӘКК " АҚ облыс аумағында 12 өнім атауы бойынша тауар интервенцияларын жүргізеді.
Анықтама: бөлшек саудадағы белгіленген баға рожкаға - 188 теңге/кг, сиыр еті - 1700 теңге/кг, ұн – 120 теңге/ кг, сары май – 1800 теңге/кг, күріш – 230 теңге/кг, тауық еті - 800 теңге/кг, күнбағыс майы – 710 теңге/кг, картоп - 140 теңге/кг, сәбіз - 148 теңге/кг, пияз - 82 теңге/кг, қырыққабат - 110 теңге/кг, жұмыртқа - 390 теңге/ондаған.
"Айналым схемасы" бойынша өндірушілер мен кәсіпкерлерге 1984 млн.теңге сомасында жеңілдікті қарыздар бөлінді.
Анықтама: "RAUZET Сауда" ЖШС 16 атау бойынша (6 супермаркет) - 400,0 млн.теңге, "Промбаза-7" ЖШС - 581 млн. теңге, "Север Птица" АҚ тауық еті бойынша - 200 млн. теңге, "Строй Сити" ЖК 19 атау бойынша - 20 млн. теңге, "Poultry-Agro" ЖШС жұмыртқа бойынша - 200,0 млн. теңге, "Olzha Produkt" ЖШС сүт өнімдері бойынша - 200,0 млн. теңге 200,0 млн. теңге, қарақұмық жармасы бойынша "Мибеко" ЖШС - 255,0 млн. теңге, сиыр еті бойынша "Терра" ЖШС - 128,0 млн. теңге.
Бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорынан ұн наубайханаларға килограмы 100 теңгеден сатылады.
Облыс орталығының 6 супермаркетіне ("RAUZET Сауда" ЖШС, "Солнечный" ЖШС, "Астықжан Қостанай" ЖШС, "КО Меркурий" ЖШС, "Низкоцен" ЖШС, "Особа" ЖШС) сауда үстемесін көтеру фактілері бойынша ескерту түрінде әкімшілік жазалар қолданылды.
ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және ірі сауда желілерімен ("Астықжан-Қостанай" ЖШС, "Тамаша Маркет" ЖШС, "Лисван" ЖШС, "Асалия" ЖШС, "Нұрсу"ЖК) 5 комплаенс жасалды.
Облыстың ұн тарту кәсіпорындарына ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-дан азық-түлік нарығын сату кезінде ұлттық компания шеккен шығыстарды субсидиялау есебінен белгіленген баға бойынша 90 мың теңге/тонна бидай бөлу жоспарлануда.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында тауық етіне (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) 890 теңге/кг (№617т 31.12.2021 жылғы қаулы), картопқа - 140 теңге/ кг, сәбізге - 148 теңге/кг, пиязға - 86 теңге/кг, қырыққабатқа - 104 теңге/кг, қантқа - 289 теңге/кг, күнбағыс майына - 767 теңге/литр мөлшерінде рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері бекітілді (13.01.2022 жылғы №12 қаулы).
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері ӘМАТ бағаларына тұрақты негізде мониторинг және бөлшек саудада бағаның өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сауда желілерімен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық тізбесіне сауда үстемелерін шектеу бойынша меморандумдар жасалады.
Жеткізушілер мен бөлшек сауда желілері арасында 409 меморандум және 255 шарт жасалды.
400 дүкенде әлеуметтік тауарларды сататын әлеуметтік сөрелер құрылды.
Ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандарында 10 жәрмеңке өткізілді, онда 80 млн.теңге сомасына 120 тонна өнім нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағамен сатылды.
- 31.01.2022
- 172