• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралары

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 11.01.2022 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру бөлігіндегі тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі ірі сауда нысандарымен азық-түлік қорларын толықтыру және 2021 жылдың желтоқсан айындағы бағадан өсірмеу бойынша келіссөздер жүргізілді.

Апта ішіндегі баға индексі 100,5%-ды құрады. Картоп (103,9%), сәбіз (101,3%) және қырыққабат (115,4%) бағалары жоғарлауы тіркелді.

Анықтама. Баға өсуінің басты себебі РФ (картоп, сәбіз), Түркия (қырыққабат) және Тәжікстан (қырыққабат) тауарларының өткізу бағасының өсуіне байланысты.

ӘМАТ-қа бағаларды тұрақтандыру үшін «айналым схемасы» тетігі шеңберінде және тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу үшін 1,2 млрд. теңге көзделген. Қазіргі уақытта 7 551 тонна көлемінде азық-түлік тауарларының қоры, оның ішінде 904 тонна 1 сұрыпты ұн бар. Бүгінгі таңда облыста 1 сұрыпты ұннан пісірілген нанның бағасы бір бөлке үшін 80 теңгені құрайды. Қосымша қарақұмық жармасын, күріш, макарон өнімдері, тұз және ақ қанттын бағаларын тұрақтандыруға қарыз беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін форвардттық келісім шарт арқылы маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің (картоп – 4000 тонна, сәбіз – 500 тонна, қырыққабат – 500 тонна, пияз – 400 тонна) бағасын тұрақтандыру мақсатында 550 млн. теңге қаражат бөлу қарастырылуда.

Бұдан басқа, азық-түлік өнімдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-сұрыпты ұн мен нанға, макарон өнімдері мен өсімдік майына бағаны тұрақтандыру үшін азық-түлік бидайы мен күнбағыс тұқымдарының қоры құрылды.

Бұл шаралар облыс халқының әлеуметтік осал топтарын (170 мың адам) жаңа өнімге дейін қолжетімді бағамен негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жергілікті деңгейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін бірқатар жедел шаралар қабылдануда:

- күнделікті азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізетін облыс орталығында және барлық аудандарда арнайы мониторингтік топ құрылды;

- әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны көтерудің негізсіз фактілерінің жолын кесу үшін call-орталық құрылды. Жұмыс басталғаннан бері call-орталығына азық-түлік тауарлары бағасының өсуі туралы барлығы 169 қоңырау келіп түсті (оның ішінде 126 «үй жанындағы дүкен» бағалары бойынша). Бизнес субъектілерінің өтініштерін қарау шеңберінде ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-ға арттыруға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;

- тұтынушылардың өтініштері бойынша шағын бизнес субъектілеріне жатпайтын бизнес субъектілеріне қатысты бақылау функциялары жүзеге асырылады. Жалпы а.ж. қаңтар айында 1 әкімшілік бұзушылық анықталып, ескерту жасалды. Сүт өнімдеріне бағаның өсуіне қатысты 1 тексеріс ашылды.

Сондай-ақ, азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне себеп болуы мүмкін басқа да бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жалдау ақысының төлемдерін негізсіз арттыру фактілеріне жол бермеу бойынша сауда базарларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде базар басшылығы жоспарланған жалдау ақысын өсіруін алып тастау туралы шешім қабылдады.

  • 31.01.2022
  • 223
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика