• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Елордамыздың аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша тұрғындармен тұрақты кездесіп тұрамыз.

 

 

Елордамыздың аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша тұрғындармен тұрақты кездесіп тұрамыз. Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асқан жұмыстарымызды және одан әрі даму жолымызды талқыладық.
✅Бұған дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғындары әлеуметтік нысандардың қажеттілігі туралы проблема көтерген болатын. Тиісті жұмыстар орындалған соң биыл Жерұйық-2 саябағы аумағында мектеп пен балабақша құрылысын бастаймыз.
✔️Бұдан бөлек, алдымыздағы көктемде Алматы ауданында жұмыс істейтін жастарға арналған тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысын аяқтаймыз. Ал елді мекендерде биылдың өзінде 4 мектеп салуды жоспарлап отырмыз.
✔️Өткен жылдардағыдай жолдар мен аулалардың, сол сияқты қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысына ерекше назар аударамыз. Мысалы, Бурабай көшесінен Есіл көшесіне дейін, сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылы – Қордай көшесінде үлкен гүлзарлар саламыз, онда балалар да, үлкен кісілер де уақытын көңілді өткізетін болады.
✔️Оңтүстік-Шығыс елді мекенін қауіпсіздендіру әрі тұрғындарға жайлы болуы үшін толықтай жарықтандырамыз.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс елді мекенінде газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Тұрғындардың бір бөлігі көгілдір отынға қосылды. Өздеріңіз білетіндей, ірі елді мекендердің бірі – Оңтүстік-Шығыс қаламыздағы түтіннің негізгі көздерінің бірі болып саналады. Газ тарату желілерін біз 9 елді мекенге орнаттық. Осы мақсатта 680 км-дан астам газ тарату желісі салынды. Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы, бұл бастама қала тұрғындарының өмір сүруін барынша қолайлы етуге, сондай-ақ қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендеріміз жүйелі түрде дамып келеді. Қаламызға қарасты 16 елді мекен бар. Мәселен, елді мекендерге 13,5 км инженерлік желі, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды. Екі жыл ішінде 160-тан астам көше салынды, әлеуметтік нысандар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер желісі айтарлықтай кеңейтілді.

  • 31.01.2022
  • 220
Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика