• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорғанда атмосфералық ауа жағдайы туралы ақпарат көрсететін LED-экрандар пайда болады

Талдықорған тұрғындары келесі жылдан бастап атмосфералық ауаның жағдайы туралы ақпаратты қала көшелеріне орнатылатын LED-экрандар арқылы біліп отыра алады. Бұл шара Алматы облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасы жобасына енгізілген.

Жол картасы сейсенбі күні қоғам өкілдерімен өткен онлайн-кездесуде талқыланды.

Алматы облысында ластаушы заттар шығарындысы 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 17,1 мың тоннаны құрады. Ағын сулардағы ластаушы заттар 106,96 мың тонна болды.

Өңірдегі қордаланып қалған экологиялық проблемаларды шешу үшін кешенді шараларды қамтитын Жол картасы әзірленді. Аталған құжатқа облыс тұрғындарының ұсыныстары да енеді. Қазір жобада Алматының үшінші Жылу электр орталығын модернизациялап, қоршаған ортаға әсерін төмендету, тұрғын үй алаптарын, әлеуметтік, өндірістік және басқа да ғимараттарды газға көшіру, жасыл желек аумақтарын 200 гектарға дейін кеңейту, Іле ауданында биогаз станциясын салу секілді көптеген шаралар бар.

Сонымен бірге халық атмосфералық ауаның жағдайы туралы біліп отыру үшін «Air KZ» мобильді қосымшасындағы ақпаратты Талдықорғанның LED-экрандарына шығару жоспарлануда. Бұл жоспар 2021 жылы жүзеге асады.

Еске салайын, Экология министрлігі қазіргі уақытта әр өңірдегі қоғам өкілдерімен жеке-жеке онлайн-кездесулер өткізіп, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған Жол карталарын әзірлеуде.

  • 30.09.2020
  • 411
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика