- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын дайындау және жүргізу бойынша жүйелі жұмыс істеп жатыр
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы егіс алқаптарының құрылымын 22,9 млн га құрайды деп болжап отыр, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 13,5 мың га артық.
2021 жылғы желтоқсанда облыс әкімдіктерімен өткен кеңес барысында егіс алқаптарының болжамды құрылымы талқыланып, ішкі нарықты толық толықтыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар дақылдар өндірісін ұлғайту қажеттілігі айтылды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқыммен, агрохимиямен, техникамен, қаржыландырумен және өзге де көмекпен қамтамасыз етудің барлық мәселелерін үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылып, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары енгізілді.
Қазіргі уақытта тұқым жоспарға сәйкес 100% толтырылды, сараптамаға 1,5 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түсті, оның 1,3 млн тоннасы немесе 90% тексерілді. Тексерілген тұқым көлемінің 99% кондициялы деп танылған, 88% егіс стандартының 1 және 2-класына сәйкес келеді.
Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылғы өнімге 135 мың тонна элиталық тұқым – 5,7 %, үшінші репродукциядан төмен емес тұқым – 95% себілді.
Егіс науқанын өткізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында
141,7 мың трактор, 4300 бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері, 73,2 мың тұқым сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралы бар.
Республикада бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің 4300 бірліктен астамының болуы дәнді дақылдар алқаптарының 70% егуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы егіс жұмыстарын жүргізуге өңірлердің дизель отынына қажеттілік 400,0 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылы бөлінген көлемнен 20,0 мың тоннаға артық. Айырмашылық қарды сақтау және ылғалды жабу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты болды.
Өңірлердің қажеттілігі тиісті есептеулермен Энергетика министрлігіне жолданды.
Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемі шамамен 695 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 70 мың тоннаға артық.
Дәстүрлі түрде сатып алынатын тыңайтқыштардың 60% 2 түрге-аммиак селитрасы мен аммофосқа тиесілі, бұлардың өндірісі Қазақстанда бар.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін аталған тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша ішкі нарықты толық қамтамасыз ету бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Көктемгі егіс жұмыстары басталысымен министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп апта сайын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізетін болады. Олардың құнын субсидиялау мақсатында ағымдағы жылы 26,8 млрд теңге қарастырылған.
2021 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге барлығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 83,8 млрд. теңге сомасына (оның ішінде бюджеттік кредит70 млрд. теңге) 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні несиелендіріп, бұл 4,3 млн. гектарды қамтуға мүмкіндік берді.
2022 жылы Аграрлық несие корпорациясы 88,4 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, оның ішінде бюджеттік несие 70 млрд теңге, қалғаны өз қаражаты.
Сонымен қатар, 2021 жылдың желтоқсан айында ағымдағы жылдың егіс жұмыстарына дайындалу үшін 5,1 млрд теңге сомасында несие бөлінді. Көктемгі егіс жұмыстарына жоспарланған кредит шығын нормативтерін арттыруды ескере отырып, 3 мыңға жуық АШТӨ-ні және 4 млн гектарға жуық егістікті қамтуға мүмкіндік береді.
Министрлік бұған дейін хабарлағанындай, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 40 млрд теңгеден астам сомаға өтінім келіп түскен. Бағдарлама бойынша барлығы 80 млрд теңге бөлінеді.
Жалпы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және оны жүргізу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр.
- 04.02.2022
- 213