- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан төрағалығының басымдықтарын іске асыру бойынша Жол картасына қол қойылды
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев және АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде (АӨСШК) Қазақстан Республикасының төрағалық ету тұжырымдамасының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.
Жол картасы Кеңесті институционалдық дамытуды ілгерілетуге, жұмыс органдары – Іскерлік және Жастар кеңестерінің, Даналар кеңесінің, Талдау орталықтары форумының қызметін мазмұнды толықтыруға, АӨСШК сенім шаралары каталогын іс жүзінде іске асыруға, АӨСШК Хатшылығының сыртқы байланыстары мен әлеуетін нығайтуға бағытталған нақты іс-қимылдарды қабылдауды көздейді. Құжаттың жеке бөлігі АӨСШК-тің 30 жылдығына арналған арнайы іс-шараларды өткізуге және жобаларды іске асыруға арналған.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін сөйлеген сөзінде Ш.Нұрышев Қазақстан төрағалығының екінші жылының күн тәртібінің қанықтығын атап өтіп, АӨСШК-ті халықаралық ұйымға трансформациялауды дәйекті ілгерілетудің, мүше мемлекеттердің барлық бағыттар бойынша, оның ішінде Кеңестің басшылық және жұмыс органдарының қызметі шеңберіндегі өзара іс-қимылының жоғары серпінін қолдаудың, 2022 жылғы қыркүйекте өтетін 6-шы АӨСШК Саммитіне сапалы дайындықтың маңыздылығын атап өтті.
Ш.Нұрышев сондай-ақ Хатшылықтың Атқарушы директоры мен қызметкерлеріне Қазақстан төрағалығының басымдықтарын ілгерілетуде белсенді жәрдем көрсеткені және АӨСШК процесін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
- 04.02.2022
- 194