- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
ӘМАТ бағасының өсуін тежеу үшін Түркістан облысында "айналым схемасына" 1,3 млрд. теңге бөлінді
Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаның өсуін тежеудің тиімді құралдарының бірі сауда объектілеріне "айналым схемасы" арқылы жеңілдікпен кредит беру - әкімдіктердің сауда жүйесіне қатысушылар үшін жеңілдікті пайызбен қарыз қаражатын бөлуі болып табылады.
Бұл сауда желілеріне жергілікті өндірушілерден сатып алынатын өнім көлемін, оның ішінде форвардтық келісімшарттар жасасу арқылы кеңейтуге, ал өндірушілерге өз тауарларына босату бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.
Жеңілдікті қарыздар ала отырып, сауда желілері өнімнің жекелеген түрлерінің белгілі бір көлеміне бағаны ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелерді өзіне алады.
Нәтижесінде бұл тауарлар нарық бағасынан орташа 15-20% - ға төмен бағамен сатылады. Жеңілдетілген несиенің орнына белгілі бір өнім көлемін төмендетілген белгіленген бағамен жеткізуге міндеттенетін өндірушілермен ұқсас жағдай.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай схема өндірушілер мен желілер үшін айналым қаражатын береді, оларға бағаны теңдестірудің орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді. Осылайша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны шарт жасасу кезінде белгіленеді. Бұл маусымдық бағаның айтарлықтай ауытқуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы бойынша" айналым схемасына" 1 300,0 млрд.теңге бөлінді.
"Айналым схемасы" аясында тауар өндірушілерге 640 млн. теңге бөлінді:
- "Magnum Cash&Carry" ЖШС 200 млн.тг.;
- "Али Сауда" ЖШС 300 млн. тг.;
- "Чудо-П" ЖШС 70 млн. тг.;
- "Сайрам сүт" ЖШС 70 млн.тг.
- 10.02.2022
- 150