• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бақыт Сұлтанов: экспорт туралы

https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov 

Қазіргі уақытта Мәскеу қаласындамын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев делегациясы құрамында келдім. Маңызды саяси кездесулер мен консультациялар өтуде.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі әріптестерімізбен және ресейлік серіктестермен бірлесе отырып, біз Президентіміздің жұмыс сапарымен қатар солтүстік көршімізбен өзара тиімді ынтымақтастықтың экономикалық күн тәртібін толықтыруға тырыстық.

Осы күндері Мәскеуде азық-түлік, сусын және оларды өндіруге қажетті шикізат қойылған «Продэкспо-2022» XXIX Халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Аграрлық сектор экономиканың негізгі бағыттарының бірі саналатын Қазақстан да шарадан шет қалмады. Ұлттық стендте 20 қазақстандық өндіруші компанияның өнімдері қойылған. Мәселен кондитерлік, макарон және ұн өнімдері, шырын, балмұздақ пен бал да бар. Сонымен қатар Қазақстанның түрлі өңірінен көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдейтін компаниялар келді.

Бірнеше күннің ішінде әрқайсысы экспорттық келісім-шарт жасасып үлгерді. Жалпы құны 82 миллион доллардан асады. Көрме жалғасады, сондықтан бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы өсуі мүмкін.

Қатысушылар тарапынан қазақстандық май өнімдеріне және балмұздаққа үлкен қызығушылық байқалды.

Жеміс-жидек және табиғи шырын жеткізушілері жақсы келісім-шартқа қол жеткізді. Сондай-ақ бал, бұрыннан сұранысқа ие ұн, кондитерлік және макарон өнімін өндірушілер де жақсы келісім-шартқа ие болды.

Айта кетерлігі, бұл тек ұлттық стендтегі отандық компаниялардың жетістігі. Қазақстанның Мәскеудегі сауда өкілдігінің айтуынша, көрмеге елімізден өз бетімен келген басқа да компаниялар жетерлік. Олар ет, шұжық, жұмыртқа, сүт өнімдері және түрлі дәмдеуіштерді әкелеген.

Көрме жалғасып жатыр. Бизнес өкілдері өзара пікір алмасу үстінде. Біздің өндірушілерге сәттілік және ұзақ мерзімді, тиімді экспорттық келісім-шарт қол жеткізуді тілеймін!

P.S. Тағы бір айта кетерлігі, жарнама – бизнестің дамуына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан мемлекет экспорттаушыларды түрлі көрмеге қатысуында қолдайды. Негізгі басымдылық орта және кіші кәсіп өкілдеріне беріледі. Себебі үлкен компаниялар өз күшімен шетелге шыға алады.

Мемлекеттік қолдау нәтижелі болып, отандық өндірушілер шетелдің нарығынан ойып тұрып орын алады деген үміттемін!

  • 11.02.2022
  • 205
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика