- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Вебинар: Recent Events and New Developments in Kazakhstan
2022 жылғы 10 ақпанда Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына шолу жасауға және швейцариялық бизнес-қоғамдастықпен одан әрі өзара іс-қимылды талқылауға арналған «Recent Events, New Developments» атты аранайы ақпараттық вебинар өтті.
Вебинарды Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Швейцарияның біріккен сауда палатасымен (Joint Chamber of Commerce) бірлесіп ұйымдастырды.
JCC президенті және Burckhardt Compression швейцариялық компаниясының бас директоры Марсел Павличек вебинар қатысушыларын қарсы алып, екі ел арасындағы оң және серпінді іскерлік диалогты атап өтті.
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев қаңтардағы оқиғаларға шолу жасап, сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, белсенді ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Вебинар ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) Тең Төрағасы Бақыт Сұлтановтың бейне-үндеуімен басталды. Ол Швейцарияның Еуропадағы және көпжақты алаңдардағы Қазақстанның маңызды халықаралық әріптестерінің бірі ретіндегі маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, Б.Сұлтанов екі жақты саудадағы кейбір құлдырауға назар аудара отырып, Қазақстан экономикасына швейцариялық ТШИ ағынының өсуі туралы хабарлады. Сөз соңында Министр күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін ұстанатынын мәлімдеді. Бұл тұрғыда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және шетелдік әріптестермен сауданы кеңейту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі болып қалады. Ол Қазақстан шетелдік инвестицияларды қорғау және бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту бойынша өзінің барлық міндеттемелерін ұстанатынын мәлімдеді.
Министр бизнес-диалогты жалғастыруға және нақты жобалар мен бастамаларды пысықтауға толық дайындығын білдірді. Сонымен қатар, Б.Сұлтанов биыл Қазақстан-Швейцария ҮАК-нің кезекті отырысы жоспарланғанын және оның негізгі міндеті екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға институционалдық жәрдемдесу болып табылатындығын еске салды.
ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев аудиторияны Қазақстанның негізгі инвестициялық көрсеткіштерімен таныстырды. Бұдан әрі, өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындау жөніндегі қазақстандық тараптың ниетін растай отырып, ол олардың өзара түсіністігіне назар аударды: «Яғни, инвесторлар үшін оңтайлы негіздемелік жағдайлар жасай отырып, біз озық технологияларды тарта және тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға сенім артамыз».
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтып берді. Ол шетелдік инвесторларды қолдау шараларына және басым салаларды дамыту сұрақтарына ерекше назар аударды.
«Business Connect АХҚО» Бас директорының Бірінші орынбасары Тимур Онжанов АХҚО-ның аймақтық қаржылық хаб ретіндегі рөлі туралы айта отырып, шетелдік инвесторларды қолдау және Қазақстанда бизнес ашуға көмектесу үшін осы платформаның мүмкіндіктерімен де таныстырды.
Соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтіп, «Жаңа Қазақстан» мен Швейцария арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту туралы пікір алмасылды.
Вебинар швейцариялық іскер топтардың тікелей диалогқа деген жоғары қызығушылығына және Қазақстан туралы объективті ақпаратқа қажеттілікке байланысты ұйымдастырылғанын атап өту жөн. Біздің елімізде шамамен 314 швейцариялық компания мен БК жұмыс істейді, ал Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі бойынша Швейцария Нидерланды мен АҚШ-тан кейін үшінші орын алады (2021 ж. 9 айға 1,9 млрд. АҚШ.долл.). 2005 жылдан бастап Швейцария ТШИ-нің Қазақстан экономикасына жиынтық көлемі 29 млрд. АҚШ долл. асты.
- 11.02.2022
- 185