- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Минскте Тұрақты өкілдер кеңесінің кезекті отырысында Қазақстанның 2022 жылы ТМД-ға төрағалық ету тұжырымдамасының таныстырылымы өтті
Минск, 2022 жылғы 15 ақпанда - ТМД Атқарушы комитетінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаевтың төрағалығымен Достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов қатысты және ол еліміздің 2022 жылы ТМД-ға төрағалық ету тұжырымдамасы мен оны іске асыру жоспарын таныстырды.
Қазақстандық дипломат қазақстандық төрағалықтың негізгі мақсаттары мен басым міндеттері туралы қатысушыларды хабардар етті. Қазақстан Республикасының негізгі күш-жігері сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды арттыруға бағытталатыны атап өтілді.
ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Л.Анфимов, ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары И.Нематов, сондай-ақ басқа да отырыс қатысушылары Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Сыздықовқа таныстырылым үшін алғыс айтып, қазақстандық тарапқа ТМД шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту және оның практикалық қайтарымын арттыру мақсаттарына толық көлемде жауап беретін тұжырымдаманы іске асыру барысында табыс тіледі.
Сонымен қатар Қазақстанның төрағалық ету кезеңіндегі жасампаз рөлі мемлекеттердің өзара іс-қимылы мен жалпы Достастықтың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында практикалық растау табатынына сенім білдірілді.
- 17.02.2022
- 182