- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Биржалық сауда ережелеріне қатысты
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Министрлік биржалық сауда қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) жобасын әзірледі.
Биржалық сауда қағидаларында келесі негізгі нормалар:
- тауарлар мен сауда-саттықты секцияларға бөлу, оларға жеке талаптар қою;
- бір мезгілде олардың бірнеше тауар биржаларына қатысуына тыйым салуды алып тастай отырып, брокерлер мен дилерлерді бірыңғай аккредиттеуді белгілеу;
- сатып алынатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығын арттыру бойынша шаралар қарастырылған.
2022 жылғы 4, 8 және 11 ақпанда «ZOOM» платформасы арқылы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен Қағидалар нормаларын талқылау өткізілді.
Қағидаларды талқылау барысында бизнес өкілдері енгізілетін нормалардың қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастық Қағидалардың жекелеген нормаларын толықтыру және өзгерту бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар берді. Министрлік жақын арада аталған ескертулер мен ұсыныстарды талқылап, егжей-тегжейлі қарайтын болады.
- 17.02.2022
- 165