• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кеден және салық қызметтерінің үшжақты кездесуі өтті

2022 жылғы 15 ақпанда Алматыда Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кеден және салық қызметтерінің үшжақты кездесуі өтті. Кездесу тақырыбы үш елдің салық және кеден қызметтерінің іс-қимылдарын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері болды.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/almatyda-kazakstan-kyrgyzstan-zhane-reseydin-keden-zhane-salyk-kyzmetterinin-ushzhakty-kezdesui-otti-1612920

Келіссөздер делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарды.

«Соңғы уақытта ЕАЭО нарығында қытай тауарларының "сұр" айналымының ұлғаю үрдісі байқалуда. Мұндай үрдіс біздің елдеріміздің үкіметтері тарапынан тиісті назарсыз қала алмайды», — деп атап өтті Б. Сұлтанов. Ол «сұр» импорттың ұлғаюына алып келетін сын-тегеуріндерге: бюджетке салықтардың толық түспеуіне, одақ нарықтарына контрафактілік, сапасыз және кейде қауіпсіз емес өнімдерді әкелуге назар аударды. «Бұл фактор өзара саудадағы бәсекелестік нарықтың дамуына теріс әсер етеді, бұл сайып келгенде экономиканың жекелеген сезімтал салаларының дамуына қауіп төндіреді», — деп түйіндеді Б. Сұлтанов.

Қырғызстаннан келіссөздерге кеден және салық қызметтерінің бірінші басшылары қатысты. Қырғыз делегациясын Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев басқарды. Ресей тарапынан қаржы министрінің орынбасары, статс-хатшы Алексей Сазанов бастаған кеден және салық қызметтерінің басшылығы қатысты.

Кездесу аясында сарапшылар деңгейіндегі тараптардың отырысы және делегация басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы кеңес өтті. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей Қаржы министрліктері деңгейіндегі өзара уағдаластықтарды іске асыру бойынша қосымша шараларды әзірлей отырып, өткен жылғы кездесудің қорытындыларын талқылады. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасында ақпарат алмасу мәселелері қаралды. Тараптар өзара іс-қимыл процесін ұйымдастыру үш елдің көлеңкелі экономикасымен күрес жөніндегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Күн тәртібіндегі тармақтардың бірі өзара саудада өткізілетін тауарлар бойынша тауарға ілеспе құжаттарда құнды дұрыс көрсету проблемасын талқылау болды. Тараптар тәуекелі жоғары экспорттаушылардың санаттарын айқындай отырып, осы мәселені неғұрлым терең пысықтау және олармен нақты жұмыс істеу қажеттігін қолдады. Сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің фискалдық және құқық қорғау органдарының қатысуымен алдағы жылға үшжақты өзара іс-қимылды жолға қою туралы уағдаласты.
 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру кеден-салық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң серпін беретінін, бұл жалпы біздің елдеріміздің экономикасына оң әсер ететінін атап өтті.

  • 17.02.2022
  • 237
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика