- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті
2022 жылғы 15-16 ақпан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Қожошевтің тең төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Тараптар өзара саудадағы қазіргі жағдайды және тауар айналымын арттыру жөніндегі шараларды талқылады. Атап айтқанда, тараптар жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту, оның ішінде «Қарасу» және «Ақ тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) жобасын іске асыру және Қырғыз Республикасы аумағындағы көтерме-тарату орталықтарының жобаларын іске асыру арқылы жұмысты жандандыруға уағдаласты. ИСЛК жобасы аясында жұмыс тобының қатысушылары кешенді құру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ ИСЛК жұмыс істеуі және басқару тетігі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арасында бұзушылықтармен берілген сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарды берудің және таратудың жолын кесу бойынша екіжақты өзара іс-қимыл жөніндегі қорытынды хаттамаға және іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/almatyda-kazakstan-men-kyrgyzstan-arasyndagy-sauda-ekonomikalyk-yntymaktastyk-zhonindegi-zhumys-tobynyn-algashky-otyrysy-otti-161352
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Тараптар берілген сертификаттар мен сәйкестік құжаттары бойынша жедел ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және олардың күшін жою туралы уағдаласты. Сонымен, сынақ хаттамалары мен берілген құжаттар бойынша ақпарат алмасу қарастырылған.
Тараптар берілген сертификаттар мен сәйкестік құжаттары бойынша жедел ақпарат алмасу және олардың күшін жою туралы келісті. Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында жұмыс тобының қатысушылары 2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметін ЕАЭО елдеріне экспортталатын тауарларды электрондық шот-фактурамен (ЭШФ) қамтамасыз етуді келісті. Тасымалданатын тауарға ЭШФ болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау іс-шараларын жүргізеді. Қауіпті автокөлік құралдарымен Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына тауар импорты кезінде бақылау іс-шаралары межелі пунктте өткізіледі.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/almatyda-kazakstan-men-kyrgyzstan-arasyndagy-sauda-ekonomikalyk-yntymaktastyk-zhonindegi-zhumys-tobynyn-algashky-otyrysy-otti-161352
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Қырғыз Республикасына тауарларды экспорттау кезінде тасымалданатын тауарға электрондық ілеспе жүкқұжаттардың болуын қамтамасыз етеді. Олар болмаған жағдайда Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі бақылау іс-шараларын өткізеді. Өзара сауда кезінде бұзушылықтарды қысқарту мақсатында фискалдық органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту шеңберінде екі ел өз экспорттаушыларына қатысты ұлттық заңнамаға сәйкес жедел шаралар қабылдау туралы уағдаласты. Сондай-ақ тауарлардың құнын төмендететін экспорттаушылар туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар делегация басшылары қырғыз-қазақ шекарасында жүктердің өту жағдайын нақты уақытта бақылап отыру үшін жұмыс кабинеттеріне монитор орнатуға келісті. 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап Қазақстан аумағы арқылы Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына темір жол көлігімен тұрақты жолаушылар тасымалын қайта жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Барлық жолаушылар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспаған COVID-19 тесті немесе «COVID-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасында вакциналау туралы сертификаттың болуы міндетті. Іс-шара соңында тараптар ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін мүдделі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар тараптар 2022 жылы Бірінші аймақаралық форум мен Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізуге дайын екендіктерін растады. Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысын түрлі қалада, оның ішінде бақылау-өткізу пункттерінде, шекара маңындағы аумақтарда тұрақты түрде өткізу келісілді.
- 17.02.2022
- 162