• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
ҚР МҚІА 2021 жылдың жұмысын қорытындылады

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2021 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Онлайн форматта өткен алқа жұмысына Президент Әкімшілігі мен Агенттік басшылығы және қоғам өкілдері қатысты.

Жиында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру, Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуді іске асыру, мемлекеттік қызметті цифрландыру, этикалық кеңестердің жұмысы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша мәселелер талқыланды.

2021 жылы Агенттік Президенттік жастар кадрлық резервіне 2-іріктеуді жүзеге асырып, соның негізінде 50 адам ПЖКР қатарына қосылды. Қазіргі уақытта жалпы іріктелген 350 адамның 209-ы жұмысқа орналастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, іріктеу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтен «шығу» тәртібін жеңілдету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Агенттік төрағасы кадрларды іріктеудің және оларды ілгерілетудің ашық, ең бастысы – әділ жүйесін қалыптастыру қажет екендігін ерекше атап өтті.

Мемлекеттік қызметте цифрлық технологияларды кеңінен қолдану үшін Агенттік «Е-қызмет» жүйесін дамыту және жаңғырту жұмыстарын бастады.

«Е-қызмет» жүйесін жаңғырту аясында персоналды басқару қызметтеріне күнделікті жүктемені азайту, кадрлық бизнес-процестерді оңтайландыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау есебінен қағаз құжаттардың айналымын азайту, осы жүйенің мобильді нұсқасы мен деректерді талдауға арналған құралды жасау, ашық бастапқы коды бар дерекқорларды басқару жүйесіне көшу есебінен шығынды қысқартып, қаражатты үнемдеуге қол жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, тест залдарын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражаты да қысқартылмақ.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің сақталуын жүзеге асыру, этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметін үйлестіру Агенттіктің тұрақты назарында.

Мәселен, өткен жылы 720 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында қабылданған қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әдеп жөніндегі кеңестермен 176 отырыс өткізілді, онда 1129 мәселе қаралды.

Агенттік, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының сақталуы (үстеме жұмыстар) бойынша мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында Кіруді бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Әзірше 119 интеграция жүзеге асырылды.

Агенттік жұмысының маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау болып табылады. 2021 жылы Агенттік республика бойынша 800-ге жуық тексеру жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсету саласында 24,8 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, 229 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Тізілімге сәйкес, мемлекеттік қызметтердің 93,4% электрондық форматқа аударылды.

Сондай-ақ, Агенттік «электрондық үкімет» порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үзбей мониторинг жүргізетінін хабарлайды. Былтыр мұндай тексеріс кезінде электрондық қызметтің 189 түрінде ақау табылып, 158-нің техникалық қателіктері бірден реттеліп, халыққа қайта қолжетімді болды.

Алқа отырысының соңында Агенттік төрағасы Президенттің «адамға бағдарланған» сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу механизмдерін оңтайландыру бойынша берілген тапсырмаларды орындау үшін кешенді жұмыстар жасау керектігін қадап айтып, әрбір тапсырманың сапалы орындалуына ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

  • 22.02.2022
  • 344
Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика