- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Жаңа Су кодексінің жобасы әзірленуде
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет Басышысының тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеп жатқанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Су кодексі» жобасының (жаңа редакциясы) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының реттеуші саясатының консультативтік құжаттары әзірленді.
Аталған құжаттарда су саласының ағымдағы проблемалары көрсетілген, сондай-ақ тиімді су пайдалану мен су үнемдеудің құқықтық жағдайларын жасау үшін заңнаманы жетілдіру жөніндегі ықтимал шешімдер мен шаралар ұсынылады.
Осы құжаттарды бұқаралық талқылауға мүдделі тұлғаларды шақырамыз.
Консультативтік құжаттардың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14011779
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14011772
және https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/1?lang
- 25.02.2022
- 214