- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шәпкенов Еңбекминінің қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады. 8 сағатқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы еліміздің түрлі өңірлерінен келген 23 тұрғынның мәселелерін қарады.
Азаматтар министрге зейнетақы төлемдерін есептеу, еңбек заңнамасын сақтамау, жұмысқа орналасу, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару, мүгедектікті белгілеу, мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекші, инватакси қызметтерін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, Әлеуметтік қызметтер порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша көмек және кеңес алу үшін жүгінді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді министр жеке бақылауына алып, ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырма берді.
- 26.02.2022
- 228