• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Б. Сұлтанов Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев бірқатар проблемалық мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдарын атап өтті. Атап айтқанда, ол істен шығып қалған суармалы жерлерді айналымға тарту және осы санаттағы жерлерден ауыл шаруашылығы өнімдерінің салық жинауын 35%-ға арттыру жөніндегі шаралар туралы хабарлады.

Сонымен бірге, облыс әкімі Б. Сұлтановқа тозған су құбыры желілерін реконструкциялау, облыстың елді мекендерін газдандыруды жалғастыру, тау-кен өндіру өнеркәсібін, Талдықорған қаласының инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту, кезекте тұрғандарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, үш ауысымды оқытуды жою, коммуналдық меншікті басқарудың кейбір мәселелері, қоғамдық жұмыстар мен мұғалімдердің жалақысын ұйымдастыру, сондай-ақ саяжай алаптарының проблемаларын шешу барысы туралы баяндады.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жоғарыда аталған бірқатар проблемаларды шешу үшін қосымша бюджеттік қаржыландыру қажет. Әкім Премьер-Министрдің орынбасарынан өңірдің өтінімдерін қолдауды сұрады. Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазіргі уақытта Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған ел Президентінің тапсырмаларын тиімді орындау мақсатында бюджетті нақтылау жобасын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Барлық мәселелерді қаржы және ұлттық экономика министрліктері талдайтын болады. Кеңесте айтылған бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды», – деді Б. Сұлтанов. Ол сондай-ақ әкімдіктің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылау және жалпы сауда саласын дамыту мақсатында нарықтар мен базарларды жаңғырту жөніндегі жұмысының басымдығына назар аударды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Алматы облысына жұмыс сапары Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу пунктіне, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағына, «Қорғас» ХШЫО-ға баруымен жалғасты.

«Нұр жолы» өткізу пунктінде Б. Сұлтанов жауапты мамандармен, сондай-ақ жүк тасымалдау процесіне қатысушылармен тауарларды тасымалдаудың қолданыстағы тәртібінің тетіктерін және жүктерді тасымалдау процесін жетілдіру жүйесін талқылады.

Бұл ретте, басты назар жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістерін талқылауға және жүк тасымалдаудың жеке операторларын (қазіргі уақытта олардың екеуі) алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқартуға аударылды. Жүк тасымалдаушыларға қол жеткізу тәсілін өзгерту міндеті қойылды. Жергілікті тасымалдаушылардың әлеуметтік мәселелерін шешу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін он күн ішінде бастамашыл тобымен бірге жүксіз көліктерді алып тастай отырып кезекті «тазалау» тапсырылды. Сонымен бірге әртүрлі жүк түрлерін тасымалдаушылардың оңтайлы моделін әзірлеу тапсырылды.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА кеңсесінде өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдар мен өңір әкімдігінің өкілдерімен Қорғас торабын – «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын жаңғыртуды қоса алғанда, трансшекаралық хабтарды дамыту тұжырымдамасын талқылады. Қазіргі уақытта «Қорғас» ХШЫО аумағында қазақстандық және шетелдік капиталдың қатысуымен бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру пысықталуда: сүт, шұлық-ұйық өнімдердің, бөлмеаралық есіктердің өндірісін ашу, жұмсақ және корпустық жиһаздарды құрастыру және басқалары.

Бақыт Сұлтанов трансшекаралық өнеркәсіптік кооперация орны ретінде хабтарды қалыптастыру мен дамытудың бірыңғай жүйесін әзірлеу қажеттігіне баса назар аударды. «Бізге тек дьюти-фри қажет емес. Өндірістерді, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді құру жөнінде жұмыс істеу қажет.

Сондықтан хабтардың негізгі аумақтары индустриялық-логистикалық аймаққа айналуы тиіс. Әрине, сауда және туристік аймақтарды толығымен жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олар өндірістен басым болмауы керек», – деді Б. Сұлтанов.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/b-sultanov-almaty-oblysynyn-aleumettik-ekonomikalyk-damu-maseleleri-zhoninde-kenes-otkizdi-1915920
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.

  • 01.03.2022
  • 215
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика