• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Иран сауданы кеңейту жолдары мен капиталды репатриациялау тәсілдерін талқылауда

Тегеранда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов пен ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Нежадтың тең төрағалығымен Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысы өтті.

ҮАК-тің күн тәртібінде сауда, экономика және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, банк ісі және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері бар.

Қазақстан Иранға үкіметаралық процестерді айналып өтіп, екі елдің бизнесі арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін Қазақстан-Иран Іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Сауда ынтымақтастығын кеңейту шеңберінде Қазақстан мен Иран саудаға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуге және экспорттаушы кәсіпорындарға қолдау көрсетуге мүдделілігін растады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов Иран тарапына әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесімен алмасуды ұсынды.

- Біздің есептеулеріміз бойынша, болашақта қазақстандық компаниялар Иран нарығына $162,3 млн сомасына түрлі салалардың 60 өңделген тауарларын жеткізуге дайын, бұл металлургия, тамақ, машина жасау, химия, фармацевтика салаларының өнімдері, сондай - ақ құрылыс тауарлары, - деді Сұлтанов.

Отырыста Қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің Иран нарығына қолжетімділігі мәселесі талқыланды. Сөз Иранға өнім импортына рұқсаттарды бекіту, сондай-ақ Иранның Халал талаптарына сәйкес сертификаттауға қолдау көрсету туралы болып отыр. Ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар саласында тұрақты ақпарат алмасуды жүргізу, сондай-ақ сауда рәсімдерін жеңілдетуге жәрдемдесу туралы шешім қабылданды.

Тегеран Қазақстан тарапына Иранның ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының, мысалы, жемістер, көкөністер, кептірілген жаңғақтар және т.б. экспортын қолдау туралы өтінішпен жүгінді.

ҮАК барысында Қазақстан мен Иран мыналар:

- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті және Иран ұлттық стандарттау ұйымы,

- ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығы және ИИР Ұлттық аккредиттеу орталығы,

- Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт) және Иран ұлттық стандарттау ұйымыарасында Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

 

Сондай-ақ, Қазақстан мен Иран арасындағы инвестициялық ынтымақтастық бойынша консультативтік кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Иран тарапы ауыл шаруашылығы орау орталықтарын құру үшін Энзельдің еркін экономикалық аймағына қазақстандық инвестицияларға, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін өңірдегі жұмыс істеп тұрған өндірістік бөлімшелерді пайдалануға мүдделі. Қазақстан тарапы Иран тарапына Қытайға экспортқа бағдарланған өндірістер құру үшін "Қорғас "шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының алаңын қарауды ұсынды.

Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытуға ерекше назар аударылды.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде АЭА аумағында жеңіл өнеркәсіпте, оның ішінде кілем және басқа да өнімдер өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, ирандық IDRO Group инженерлік-техникалық жобаларды іске асыру үшін қазақстандық компаниялармен консорциум құруға дайын екенін білдірді.

Тараптар, сондай-ақ, тау-кен саласында ынтымақтасу ниетін растады. Сөз темір кені мен бокситтерді сатып алуға ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, сондай-ақ инженерлік-техникалық ынтымақтастықты дамыту және пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге инвестициялау мүмкіндігі болып отыр.

Денсаулық сақтау саласында Тараптар GMP (Good Manufacturing Practice) және елдердің ұлттық заңнамаларына сәйкес шарттарда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құруды пысықтауға уағдаласты.

Талқыланған мәселелердің үлкен блогы Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналды.

Екі елдің қосымша жүк ағындарын тарту, Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша тиімді тарифтік шарттарды белгілеу және Үндістан мен Парсы шығанағы елдерінен Иран - Қазақстан, Орталық Азия және Ресейге бағыт бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруды пысықтау бойынша бірлескен күш-жігер жұмсау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Қытай/Иран/Түркия бағыты бойынша және кері Инчебурун және Сарахс шекаралық өткелдері арқылы контейнерлік пойыздардың қозғалысын жандандыру бойынша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Тараптар, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.

Қазіргі уақытта ЕАЭО елдері мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы толық форматты келісім жасасу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Толық форматты келісім кедендік баждарды тауар номенклатурасының кемінде 80% - на алып тастауды және/немесе төмендетуді көздейді, бұл біздің елдеріміз арасындағы сауданың өсуіне ықпал ететін болады.

Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі екі ел арасындағы өзара есеп айырысудың тиімді және қауіпсіз тетігін әзірлеу болды.

Тараптар екі ел арасындағы сауданы жеңілдету үшін тиісті әдістер мен құралдарды айқындау үшін банктік ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комитет құру мүмкіндігін қарауға уағдаласты. Сондай-ақ екі жақты сауда қорлары бойынша есеп айырысу үшін екі елдің жергілікті валюталарын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу.

Одан басқа, Иранның экспортқа кепілдік беру қоры мен "KazakhExport" Экспортты сақтандыру компаниясы бартерлік мәмілелер арқылы екі ел арасындағы саудаға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру аясында Қазақстан ирандық авиакомпанияларға Қазақстан мен Иран арасындағы тұрақты рейстерді қайта жаңартуды ұсынды.

 

Тараптар 2023 жылы Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің бірлескен комиссиясының 17-ші отырысын өткізуге келісті.

Анықтама:

2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда 2020 жылмен салыстырғанда 84,8% - ға ($440,1 млн. құрады) және 2019 жылмен салыстырғанда 56,2% - ға ұлғайды.

2021 жылы экспорт 2,1 ө.өсіп, $275,3 млн. құрады, импорт та 50,4% - ға өсті және $164,9 млн. құрады, экспорттың өсуі бидай, арпа, рапс майы сияқты тауарларды жеткізудің ұлғаюы есебінен болды.

Ираннан импорттың өсуі: стирол полимерлерінің, электр машиналары мен арнайы мақсаттағы аппаратуралардың, көкөністер мен картоптың ұлғаюымен негізделеді.

  • 01.03.2022
  • 223
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика