• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан кәсіпкерлері электронды коммерция дағдыларын тегін оқитын болады

BTS Education ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және Mastercard төлем жүйесінің қолдауымен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған Электронды коммерция мектебін іске қоспақ.

Бүгінде әр кәсіпкердің бизнесі цифрлық технологияларды оның қаншалықты тиімді әрі сауатты қолданатынына байланысты. Қазақстан кәсіпкерлеріне электронды коммерция көмегімен өз бизнесін онлайн кеңейту үшін оқудан өту ұсынылады. Қатысушылар ісін цифрлық кеңістікте жолға қоя отырып табыс табуды үйренеді, өзекті digital трендтер жайында ақпарат алады.

ҚР СИМ вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, заманауи кәсіпкерлік экожүйені құру үшін шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау және ынталандыру шаралары қажет. Пандемияның негізгі экономикалық соққысы кәсіпкерлердің дәл осы санатына тигендігін ескерсек, олардың дамуына, білімдерін, дағдылары мен біліктіліктерін сапалы түрде жақсартуға бағытталған шараларды қолға алу маңызды. Әлбетте, осының бәрі олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайтыны және нәтижесі ретінде еліміздің әлеуметтік экономикалық деңгейіне оң ықпал етері сөзсіз.

Рафал Трэпка, Mastercard-тың Орталық Азиядағы бас директоры, былай дейді: «Бүгінде цифрлық экономика – заман тынысы іспетті: картамен, смартфонмен төлеу, қашықтан онлайн сауда жасау, үйге жеткізу қызметтері кейінгі уақытта өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Соңғы жыл ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем мен электронды коммерцияның теңдессіз өсуі орын алғанымен, кәсіпкерлер e-commerce ұсынатын мүмкіндіктер мен артықшылықтарды ел аумағында да, одан тысқары жерде де өзіне пайдалы, клиенттерге ыңғайлы түрде пайдалана алатын экономика тармақтары әлі де аз емес. Бұл жоба компаниялардың алынған білім мен дағдыны пайдалана  отырып, бизнестерін сәтті дамытуына көмектеседі деген үміттеміз».

Аталған міндетті жүзеге асыру үшін, BTS Education компаниясы ашық қолжетімділікпен ecommerce.jumysbar.kz LMS-платформасына орналастырылған  электронды коммерцияның онлайн мектебін құрды.

Кәсіпкерлер мен ШОБ өкілдері қайталау мүмкіндігімен өздеріне ыңғайлы уақытта онлайн-форматта оқи алады. 

Е-commerce мектебі таргеттелген жарнаманы әзірлеу, әлеуметтік желілерде парақша жүргізу, онлайн-дүкен ашу, халықаралық онлайн-алаңдарда тауар сату, онлайн-төлемдер қосу және киберқауіпсіздік секілді жаңа дағдыларды игеру мүмкіндігін ұсынады.

Сонымен қатар, платформада ай сайын онлайн-бизнесте табысқа жеткен түрлі кәсіпкерлермен сұхбаттар, отандық бизнесмендердің табыс тарихы жарияланып отырады.

Оқу курсының соңында үздік тыңдаушылар үшін акселерациялық бағдарлама және қарқынды оқу бағдарламасы қарастырылған. Электронды коммерция индустриясындағы серіктес-тәлімгерлер онлайн-бизнеске көшудің стратегиялық жоспары бойынша таңдалған топтармен тікелей жұмыс істейді.

Курстан өтетін барлық ШОБ өкілдері бизнесті онлайн алаңда өрістетуге 1,000,000 теңгелік грант тағайындалатын ішкі конкурсқа қатысатын болады.

  • 01.03.2022
  • 236
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика