• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тегеранда Қазақстандық бизнес-миссия табысты өтті

Бұл Қазақстанның Иранға соңғы 5 айдағы екінші сауда-экономикалық миссиясы.

Қазақстандық бизнесті тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, IT-индустрия, металл прокаты және т. б. салаларда жұмыс істейтін 15 өндіруші компания таныстырды. Атап айтқанда, Иран бизнесімен келіссөздерге ет, ұн өнімдерін өндірушілер, жұмыртқа, макарон өнімдерін, балмұздақ, өсімдік майы мен жарма өндірушілер қатысты. Сондай-ақ химиялық өнімдер, болат сымдар мен арқандар, металл бөшкелер, телекоммуникациялық жабдықтар мен модем өндірушілер де бар.
Қазақстандық бизнестің Иранға сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырушы — «QazTrade» АҚ экспортты қолдау мен дамытудың бірыңғай операторы. Сауда-экономикалық миссияны ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Иран Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Біз Қазақстан-Иран екіжақты сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамыту мен тереңдетуге, әсіресе елдеріміз арасындағы сауданы дамытуға үлкен мән береміз», — деді Б. Сұлтанов.
Ол елдеріміздің өзара сауданы ұлғайтуда айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Бұл ретте қазақстандық компаниялар Иранға металлургия саласын, тамақ, машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдарын қоса алғанда, $162,3 млн сомасына бірқатар салалардың өңделген тауарларының экспортын арттыруға дайын. Б. Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы пайдалануға берілгеннен кейін өнім экспортының көлемі 5 есе өсті, бұл ретте ауыстырып тиеу мүмкіндігі шамамен 10 млн тонна жүкті құрайды. «Бүгінгі таңда осы бағыт арқылы Иранның Ресей және Қытай нарықтарына шығу, өз кезегінде біздің елдің – Парсы шығанағының барлық мемлекеттеріне шығу мүмкіндігі бар. Бірыңғай қолайлы тарифтік саясатты жүргізу Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда елдеріміздің транзиттік-көлік секторының дамуына оң әсер етеді. Сондықтан бүгінгі біздің міндетіміз осы бағытты жүктеу», — деді Б. Сұлтанов Тегерандағы сауда-экономикалық миссияға қатысушыларға. Сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде қазақстандық бизнес Иранның салалық қауымдастықтарымен (электрондық жабдықтар, Өнеркәсіптік және құрылыс материалдарын өндірушілер қауымдастығы, металлургия өнеркәсібі қауымдастығы, ет және ет өнімдерін өндірушілер қауымдастығы, Тамақ өнімдері қауымдастығы) кездесті. Сондай-ақ Иранның ірі ритейлерлерінің бірі Hyper Star-дың (француздық трансұлттық ритейлер Carrefour компаниясының ирандық еншілес компаниясы) жұмысымен танысты. В2В келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық және ирандық компаниялар $14 млн сомасына бірнеше келісім жасасты. Атап айтқанда, Иранға ет, ұн, балмұздақ, өсімдік майын жеткізуге арналған келісімшарттарға қол қойылды. Сондай-ақ QazTrade АҚ мен Trade Promotion Organisation of Iran арасында тауар айналымын $100 млн-ға арттыруға өзара ниет туралы меморандумға қол қойылды.
Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/tegeranda-kazakstandyk-biznes-missiya-tabysty-otti-2115925
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.

  • 01.03.2022
  • 216
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика