• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру туралы баяндады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында ведомствоның әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

Еңбекминінің басшысы өз сөзінің басында әлеуметтік-еңбек саласында 45 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін атап өтті. Министрлік халыққа неғұрлым ыңғайлы және заманауи түрде қамтамасыз ету үшін оларды цифрландыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

«Өткен жылы ағымдағы бизнес-процестерге жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің дамуын тежейтін бірқатар факторлар анықталды, атап айтқанда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін қажетті «тарихи» деректердің болмауы, мобильді азаматтар базасында тіркеудің болмауы. Осыған байланысты біз мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін реинжиниринг және трансформациялау бойынша жұмыс жүргізудеміз.

Бүгінгі күні электрондық форматта 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93% ұсынылады, оның ішінде 21 қызметті немесе 43% проактивті түрде алуға болады.

2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 12,6 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 9,1 млн немесе 72% электрондық түрде көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12% - ға артық. 2025 жылға қарай біз барлық мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшіруді жоспарладық», – деді Серік Шәпкенов.

Министр сондай-ақ, халықтың қызмет алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткен жылдың қазан айында Еңбекмині екі банкпен бірлесіп, олардың платформаларында бала туумен байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша сервистерді іске асырғанын атап өтті. Тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында балалары бар 16,5 мыңнан астам отбасы үйде отырып, ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы қызмет алды. Осы практиканы басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы енгізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

«Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында 17 қызмет түрі бойынша эксаумақтық қағидатын енгізілді. Яғни, азаматтар орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қызметті алу үшін кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны уақытша Алматыда тұрып, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзіне тиесілі әлеуметтік төлемді алуға өтініш бере алады. 2021 жылдың төртінші тоқсанында 22,6 мыңнан астам азамат эксаумақтық қағидат бойынша қызмет алды.

Сондай-ақ, операциялық шығындарды үнемдеу мақсатында біз бір азаматқа тағайындалған бірнеше әлеуметтік төлемдерді бір төлемге біріктіріп аударуды жүзеге асырдық. Соның арқасында 2021 жылдың 7 айында 3 млрд. теңге үнемдедік, ал жыл сайын 6 млрд. теңге үнемделетін болады», – деді Серік Шәпкенов.

Еңбекмині басшысы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі проактивті қызметтерді дамыту болып табылатынын, оларды алу үшін азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, әкімдіктерге немесе басқа да инстанцияларға барудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Бұл бағытта біз Цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация орталығымен кешенді шаралар қабылдап жатырмыз. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында бала туумен байланысты проактивті форматтағы қызметтердің үлесі 12-ден 53% - ға өсті. Мысалы, өткен жылы 440 мыңға жуық бала дүниеге келді, оның ішінде 233 мың баланың анасы телефонға келетін хабарламаға жауап бере отырып, әлеуметтік төлемдерді проактивті түрде алды.

Сонымен қатар, 4 немесе одан да көп баласы бар аналарға автоматты түрде көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы тағайындалады. Бұл қызмет бойынша проактивтілік 1% - дан 41% - ға өсті.

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы бойынша проактив 9% - дан 24% - ға дейін, ал еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бойынша 6% - дан 21% - ға дейін артты.

Биыл біз проактивті қызмет түрлерін 25 түрге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (+4 қызмет)», – деді Серік Шәпкенов.

Министр мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Еңбекмині жеке қызметке емес, азаматтың өмірлік жағдайына сүйенетінін атап өтті.

Мүгедектікті белгілеу және жәрдемақы мен оңалтудың техникалық құралдарын алу кезінде денсаулығынан айырылған азаматтарға төрт инстанцияға жүгінуге тура келеді: емхана, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, әкімдік.

Мемлекет басшысы 2021 жылдың ақпан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасауды, қағазбастылықты алып тастауды тапсырды. Осыған байланысты біздің министрлік Денсаулық сақтау және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, мүгедектікті сырттай анықтау бойынша шаралар қабылдады. Бүгінгі таңда еліміздің барлық 17 өңірінде мүгедектікті анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл ретте азамат тұрғылықты жері бойынша емханаға ғана жүгінеді, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы адамның қатысуынсыз өтеді. 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша сырттай форматта 6 753 өтінім қаралды. Жалпы биыл біз мүгедектігі бар азаматтардың 20%-ын осы тәсілмен қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар үшін 2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.

«Бұған дейін бұл азаматтар қажетті оңалту бойынша қызметтер мен техникалық құрал-жабдықтарды алу үшін әкімдіктерге және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын еді. Бұл өте ыңғайсыз болды, көп уақыт кетіп, қызметтер кеш көрсетілетін еді.

Портал қызмет жеткізушілерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, ал мемлекет тауардың немесе қызметтің құнын өтейді. Осының арқасында кейбір жағдайларда қызметтерді алу мерзімі алты айдан 2 аптаға дейін қысқарды. Нәтижесінде 2021 жылы Портал арқылы 371 мыңнан астам қызмет көрсетілді және оңалту бағдарламаларының орындалуы 2019 жылғы 62% - дан 2021 жылы 88% - ға дейін ұлғайды, ал биыл оңалту бағдарламаларының орындалу деңгейі 90% - дан асады деп жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Еңбекминінің басшысы.

Министр сондай-ақ, 2020 жылдың қараша айынан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде көрсету бойынша пилоттық жоба кезең-кезеңімен іске қосылғанын атап өтті.

«Бұған дейін азаматтар жұмыс іздеу және жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына, ал жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі тиіс болатын. Қазір бұл қызметтерді Электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн алуға болады. Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 10 күннен 3 күнге дейін қысқартылды.

2021 жылы 149 мың адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді, оның 33%-ы онлайн-форматта тіркелді, азаматтардың 60%-ы жұмысқа онлайн түрде орналастырылды», – деп хабарлаған Серік Шәпкенов Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты.

  • 02.03.2022
  • 292
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика