• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов Еңбекмині Мемлекет басшысының жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселелеріне қатысты тапсырмаларын қалай іске асыратыны туралы айтып берді.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, орталық мемлекеттік органдардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет Басшысы жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берді. Олардың кейбіреулері толығымен орындалды», – деді Серік Шәпкенов.

Мәселен, Президенттің тапсырмаларын іске асыру мақсатында жастарды жұмыспен қамту бөлігінде «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша өту мерзімі мен жалақы мөлшері ұлғайтылды. Жастар практикасы 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды, еңбекақы төлеу 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (қазіргі уақытта. - 25 АЕК). «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі жалақыны 30 АЕК-ке дейін өсіре отырып (қазіргі уақытта – 20 АЕК), 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды.

Жастардың іскерлік бастамаларын дамыту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша грант көлемі екі есеге артты (200 АЕК-тен 400 АЕК-ке дейін немесе 612,6 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін).

«Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшысы ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесуде шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны қысқарту бойынша тапсырма берді. Тапсырма орындалды, біз тиісті бұйрықты қабылдадық. Квота 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін қысқартылды. Бұл шара ішкі еңбек нарығын қорғауға, сондай-ақ қазақстандық азаматтарды жұмысқа орналастыруға әкеледі», – деді Серік Шәпкенов.

  • 02.03.2022
  • 318
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика