- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
ҚР-дан РФ аумағы арқылы жүк транзитіне қатысты
ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлайды:
Ресей Федерациясына қарсы санкциялар пакетінің енгізілуіне және тауардың шығарылған елін айқындаудың жаңа тетіктерінің болмауына байланысты Ресей Федерациясының аумағы арқылы ЕО елдерінің нарықтарына транзитпен өтетін қазақстандық жүктердің бірқатар теңіз порттарында кідіріс фактілері байқалады. Бұл ретте, Ресей Федерациясының аумағы арқылы ЕО елдерінің нарықтарына автомобиль көлігімен өтетін қазақстандық тауарлар кідіріссіз өтеді.
Қазіргі уақытта ҚР сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауарларды межелі елдерге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін консультациялар өткізуде.
- 03.03.2022
- 166