• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысы өтті

2022 жылғы 2 наурызда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 23-отырысы өтті.

ҮАК-тің тең төрағалары Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Ресей Тарапынан Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Логвинович Оверчук болып табылады.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетика кешені, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет, туризм, жастар саясаты, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара іс-қимылы саласындағы өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Ресей Мемлекет басшылары деңгейіндегі, сондай-ақ басқа да деңгейлердегі кездесулердің қарқындылығымен нығайтылған мемлекетаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейіне ие. Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып қала береді. Биыл елдер дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 24,2 млрд. АҚШ долл.құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 29,1% - ға артық (18,8 млрд. АҚШ долл.).

Отырыс барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдеріміз арасындағы сауда көлемі таяу жылдары $30 млрд-қа жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстан мен Ресей арасында табысты өнеркәсіптік кооперацияның мол тәжірибесі бар. Бүгінде машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және т.б. салаларда шамамен $2,6 млрд сомасына 8 ірі бірлескен жоба іске асырылуда. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, $1,4 млрд-қа жуық сомаға тағы 11 жоба пысықталу сатысында.

"Машина жасау - өнеркәсіптік кооперацияның негізгі бағыты. Біз мұнай-газ машина жасау саласындағы жаңа кооперациялық жобаларды іске асыруға, автокомпоненттік база құруға мүдделіміз. Құрамдастар мен қосалқы бөлшектер өндірісін игеру арқылы автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз", - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, қазақстандық тараптың бастамасы бойынша Ресей Федерациясының нарығына жоғары вольтты жабдықтардың қол жеткізу мәселесі қаралды. Бір-бірінің нарықтарына өзара кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықты аттестаттау кезінде нақты бұзушы сынақтардың орнына "есептеу әдісін" пайдалану және осы тәжірибені "Жоғары вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" ЕАЭО техникалық регламентіне жедел қол қою мақсатында пайдалану, мемлекеттік және жекелеген заңды тұлғалардың сатып алуына тең қол жеткізу мәселесін пысықтау және Ресейдің ірі желілік энергетикалық компанияларына қол жеткізу үшін көрсеткіштердің көпшілігі бойынша қазақстандық зертханаларда орындалған сынақтарды тану уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ресей тарапы металлургия, ғылыми және өндірістік саладағы кооперацияны кеңейтуге мүдделілік білдірді. Тараптар, сондай-ақ, цифрлық күн тәртібі, кедендік-салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатындағы өзара іс-қимыл, гидроэнергетика саласындағы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.

Соңында Бақыт Сұлтанов екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға дайындығын растады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының XXIII отырысының хаттамасына қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның келесі XXIV отырысы 2023 жылы Қазақстан Республикасында өтеді.

  • 03.03.2022
  • 275
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика