• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жолат Е.Б.
Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазына Капитал Менеджмент кэптивті қоры Қазақстанның батысындағы отандық кәсіпорындарды қаржыландырды

Baiterek Venture Fund («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ кэптивті қоры) Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы екі отандық кәсіпорынға 1,14 және 1,55 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру ұсынды.

Ағымдағы жылы қаржыландыру құрылысқа маманданған «Компас Сервис» ЖШС және қызметі елдегі машина жасау индустриясын дамытуға бағытталған «КазАрмаПром» ЖШС кәсіпорындарына берілді.

«Компас Сервис» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстары, ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік жүйелері, өртке қарсы жүйелер және олармен байланысты инфрақұрылым саласындағы кешенді шешімдерді ұсынады.

Компанияның Теңізшевройл, Каспий Құбыр Консорциумы және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) ынтымақтастықта іске асырылған жобалар портфелі бар.

«Компас Сервис» ЖШС қаржыландыру Атырау облысында негізгі құралдарды сатып алуға және компанияның қызметін одан әрі кеңейту мақсатында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.

Негізгі құралдарды сатып алу көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ осындай шетелдік кәсіпорындар арасында бәсекеге қабілеттілікті арттырады және қазақстандық қамту үлесінің артуына алып келеді.

Қаржыландыруды ұсыну нәтижесінде 125 жұмыс орны ашылды. Жобаны іске асыру «Компас Сервис» ЖШС-нің салық төлемдерін 2022-2026 жылдар ішіндегі жиынтық сомасы 370 миллион теңгеге дейін ұлғайтуға алып келеді деп жоспарлануда.

«КазАрмаПром» ЖШС кәсіпорны Батыс Қазақстан облысында тегістеу шарларды өндіреді. Компанияның көпжылдық тәжірибесі елімізде машина жасаудың кешенді дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның батысында құю өндірісін ұлғайтуға және дамытуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында 250-ден астам қызметкер еңбек етеді. 2021 жылы кәсіпорын жалпы сомасы 4,8 млрд теңгеге 18,9 мың тонна дайын өнім өндірді, оның ішінде экспорттық түсім 4,7 млрд теңгені немесе 97%-дан астамын құрады.

«КазАрмаПром» ЖШС қаржыландыру кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында айналым капиталын толықтыру және «Сбербанк» АҚ-дағы қолданыстағы несиелік берешекті қайта қаржыландыру үшін ұсынылған.

«КазАрмаПром» ЖШС қаражатты тарту есебінен айналым капиталын ұлғайтуды және екі ауысымдық жұмыс режимінен үш ауысымдық режимге көшуді жоспарлап отыр, бұл тегістеу шарлар өндірісінің көлемін 47%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

2022 жылға кәсіпорынмен Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органдарымен қала аумағын абаттандыру үшін жарықтандыру тіреулерінің түпшелерін өндіруге уағдаластыққа қол жеткізілді. Нұр-Сұлтан қаласында ұқсас келісімшарт жасасу жоспарлануда.

«Қазақстанның тікелей инвестициялар нарығындағы жетекші ойыншы ретінде» Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) нарықты терең түсінеді және елдің түрлі өңірлерінде экономиканың шикізаттық емес секторларын қаржыландыруға шоғырланған.

Бүгінгі күні ҚКМ портфелінде жалпы сомасы 9 913 млн.теңгеге Қазақстанның батыс өңірлерінде қаржыландырылған 4 инвестициялық жоба бар. «Компас Сервис» ЖШС және «КазАрмаПром» ЖШС кәсіпорындарына көрсетілген қаржылық қолдау олардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бизнес-процестерді жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл сөзсіз өңірдің және жалпы еліміздің өндірістік секторының дамуына қызмет етеді» - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Құлажанов.

 Анықтамалық:

 «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, оның негізгі миссиясы Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты мына сайттан табуға болады: kcm-kazyna.kz.

«Baiterek Venture Fund» АҚ - 2014 жылы құрылған тікелей инвестициялар қоры экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетеді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты мына сайттан табуға болады: bvfund.kz

  • 03.03.2022
  • 293
Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика