• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Гендерлік теңдік және әйелдердің экономикалық дамуы туралы

Құрметті қазақстандықтар! Тәуелсіздік жылдары еліміз гендерлік теңсіздікке қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар түбегейлі шаралар қабылдады, дегенмен бұл мәселе әлі де өзекті болып қалып отыр. Әйелдердің экономикалық өмірге араласуының жеткіліксіздігі әлемдік экономиканың өсуін тежейді. Мұны ХВҚ және БҰҰ зерттеулері растап отыр, оларға сәйкес әр елдегі гендерлік теңдік пен әлеуметтік-экономикалық даму арасында оң байланыс бар. Сондықтан да гендерлік теңдікті қамтамасыз ету Қазақстанның стратегиялық міндеттерінің қатарына кіреді.

Мен қаржы саласындағы гендерлік теңдікті дамытудың үш негізгі факторын атап өткім келеді: бұл әйелдер үшін қаржы ресурстарының және құралдардың қолжетімділігі, орнықты даму қағидаттары және қаржылық сауаттылық.

1. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес Қазақстан негізгі салалардағы ресурстар мен мүмкіндіктерге қолжетімділіктегі гендерлік айырмашылықты өлшейтін гендерлік алшақтық деңгейі бойынша әлем елдері рейтингінде 156 елдің ішінде 80-ші орында тұр.

Тұтастай алғанда, әйелдер қаржылық және кредит міндеттемелерін орындау шеңберінде жоғары деңгейдегі тәртіптілікті көрсетуде. Алайда бұл ретте әйелдерде банктік шоттардағы қалдықтардың орташа мөлшері аз, кепілдердің болмауына байланысты кредит алу мүмкіндігі төмен. Сондықтан да мемлекет өз тарапынан әйелдердің қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және қаржылық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жүйелі шараларды әзірлеуі және іске асыруы қажет.

2. Заманауи үрдістер орнықты даму мәселесін бірінші орынға қояды. Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, гендерлік теңдікке және қаржыландыруға қолжетімділікке бағытталған жобалардың сәтті мысалдары бар. Сонымен бірге осы жобаларды қаржыландыруға бағытталған облигациялар шығарылымдары жүргізілді. Ішкі нарықта 2020-2021 жылдары әлеуметтік және «жасыл» бондтарды орналастыру арқылы 55,2 млрд теңге тартылды.

2022 жылы Азия Даму Банкі гендерлік облигациялар шығарылымы шеңберінде KASE-де 14 млрд теңге тартты. АДБ кәсіпкер әйелдерге қаржылай қолдау көрсететін арнайы бағдарламаны да қаржыландырады, ол 20 мың әйелдің сомасы 225 млн доллар болатын кредиттерін қамтиды.

Агенттік халықаралық стандарттарды ескере отырып реттеуге ESG қағидаттарын енгізу саласында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

3. Гендерлік теңдіктің негізін қалайтын тағы бір фактор – қаржылық сауаттылық. 2021 жылы Агенттік халықтың қаржылық сауаттылығы тұрғысынан әлеуметтік зерттеу жүргізді, ол негізгі мәселелерді, оның ішінде гендерлік тұрғыдан негізгі, мемлекеттік органдардың күш-жігері бағытталатын мәселелерді көрсетті.

2020 жылы Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, қабылданды, оның шеңберінде біз түрлі нысаналы топтар, оның ішінде әйелдер үшін білім беру іс-шараларын жүргізіп жатырмыз және оны одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жастармен және жетекші білім беру мекемелерімен қарқынды жұмыс жүргізу жоспарлануда, басты назар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға салынатын болады. Кәсіпкер әйелдердің бизнес-жоспарлау және қаржысын басқару дағдыларын дамытуға жеке көңіл бөлінетін болады.

Әйелдердің экономикалық белсенділікке тартылуын ынталандыру, олардың қаржы көздері мен құралдары туралы хабардар болу деңгейін ұлғайту жөніндегі осы бастамалар мен Қазақстандағы қолданыстағы бағдарламалар әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ел экономикасының өсуін қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлін одан әрі арттыруға ықпал ететін болады.

  • 05.03.2022
  • 276
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика