- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті ашық отырысы өтті.
Отырыста Қоғам қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Осылайша, Директорлар кеңесінің шешімімен үш мәміле мақұлданды:
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Баян Сұлу» АҚ арасында 1,59 млрд теңге сомаға қарыздарды ерікті сақтандыру шартына қосымша келісім жасасу;
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Құйма өндірісі» ЖШС арасында 1 млрд теңге сомасына қарыздарды ерікті сақтандыру шартын жасасу;
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС («Астана Моторс» еншілес кәсіпорны) арасында 6,9 млрд теңгеге жуық сомаға қарыздарды ерікті сақтандыру шартын жасасу.
Анықтамалық:
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 1974 жылы құрылған және бүгінгі күні өзінің өндірістік қуатының жалпы көлемінің шамамен 30% - ын экспорттайды. Компанияның өнімдері Ресей, Қытай, Германия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Әзірбайжанға жіберіледі. Жыл сайын әлемде "Баян Сұлу" АҚ өндіретін 20 мың тоннаға жуық шоколад, печенье, карамель және өзге де тәттілер тұтынылады.
«Құйма өндірісі» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында шағын және орта вагон құюға отандық сертификаты бар өндіруші болып табылады. 2009-2018 жылдары кәсіпорын 500-ден астам, оның ішінде жылжымалы құрам мен темір жолдың локомотивтік күшіне арналған өнім шығаруды игерді. 2018 жылдың соңында компанияның өнімін Еуропаға жеткізуге арналған бірінші экспорттық келісімшарт іске асырылды және қазіргі уақытта 2020-2025 жылдары Еуропаға құюды жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарт пысықталуда.
«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС («Астана Моторс» еншілес кәсіпорны) - Алматы қаласының Индустриялық аймағында орналасқан жеңіл автомобильдер шығаратын жаңа қазақстандық кәсіпорын. Осы жылдың сәуір айында кәсіпорын ірі тораптық құрастыру әдісімен автомобильдер өндірісін бастады. Қазан айында зауыт ұсақ тораптық құрастыру әдісімен автомобильдер шығаратын цехты пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаты бірінші кезеңде – жылына 30 мың бірлік, екінші кезеңде – жылына 45 мыңға дейін. Бұл қуат тек қазақстандық нарықты ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріне экспортқа бағытталған жаңа автомобильдермен қамтамасыз етуге арналған.
- 12.10.2020
- 309