• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалған - ҚР АШМ

2022 жылы 10 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Үкімет мүшелеріне көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, Қазақстанда осы жұмыстарды уақытылы және сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалған, сонымен қатар облыс әкімдіктері фермерлерді барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударуы қажет.  

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы егіс алқаптарының құрылымын 23,1 млн га құрайды деп болжап отыр, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 125 мың га көп. 

Жемшөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн га құрады.

«АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдерімен, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыспалы егісті сақтауға қатаң тәсілдеме көзделгенін атап өткім келеді. Мысалы, майлы дақылдар жоғары рентабельді және дәнді дақылдарға қарағанда сұранысқа ие. Бұған баса назар аудару керек», - деді бірінші вице-министр.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқыммен, агрохимиямен, техникамен, қаржыландырумен және өзге де көмекпен қамтамасыз етудің барлық мәселелерін үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары кірді.

Қазіргі кезде тұқым жоспардан 100% толтырылды, сараптамаға 1,5 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түсті, оның 1,3 млн тоннасы немесе 90% тексерілді. Тексерілген тұқым көлемінің 99% кондициялы деп танылған, 89,3% егіс стандартының 1 және 2-класына сәйкес келеді.

«Соңғы бес жылда тұқым өндірушілерді егіс техникасымен қамтамасыз ету пайызының 70% - дан 89,4% - ға дейін, егін жинау 80% - дан 92% - ға дейін, тұқым тазалау 63% - дан 81,4% - ға дейін өскенін атап өткен жөн», - деді Айдарбек Сапаров.

Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 144 мыңнан астам трактор, 4,7 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері, 77 мың тұқым сепкіш, 221 мың топырақ өңдеу құралдары бар.

Аталған техниканың дайындығы ағымдағы күнге шамамен 92%   құрайды, жаппай егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін дайындық 100% - ға қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы егіс жұмыстарын жүргізуге өңірлердің дизель отынына қажеттілігі 400,0 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылы бөлінген көлемнен 20,0 мың тоннаға артық. Айырмашылық қарды тоқтату және ылғалды жабу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты болды.

Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемі шамамен 659 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 32,2 мың тоннаға артық.

Барлық өңірлерде минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталды, шамамен 56 мың тонна тыңайтқыш, оның ішінде оңтүстік өңірлерге 16,9 мың тонна тыңайтқыш тиелді. Қоймалардағы қорлар, соның ішінде импорттық тыңайтқыштар қалыптасты.

«Фермерлерді тыңайтқыштардың  құнының өсуін ескере отырып дер кезінде және толық көлемде қамтамасыз ету қажет. Әкімдіктер тарапынан субсидиялауға 27 млрд теңге қарастырылған, оларды барынша тиімді пайдалану қажет», - деп толықтырды вице-министр.

 Пестицидтерді субсидиялау бағдарламасына 2022 жылға 29,7 млрд теңге қарастырылған, бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруге 70 млрд.теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді.

Бүгінгі таңда «Кең дала» бағдарламасы аясында ресми түрде 77,6 млрд.теңге сомасына 2673 өтінім келіп түсті, оның ішінде 24,1 млрд. теңге сомасына 720 өтінім қаржыландырылды, 40,4 млрд. теңге сомасына 1748 өтінім мақұлданды, 13,1 млрд. теңге сомасына 205 өтінім жұмыс істеуде.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайту, бюджеттік несиелендірудің жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізу мәселесі пысықталуда», - деп хабарлады Айдарбек Сапаров.

Сонымен бірге, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауға кірісті. Ондағы сома 80 млрд теңгеге дейін жеткізілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе артық.

Қазіргі уақытта 66 млрд теңгеден астам сомаға 374 өтінім келіп түсті, 53,5 млрд теңге сомаға 176 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарын дайындау және жүргізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, туындаған мәселелер тұрақты бақылауда.

  • 10.03.2022
  • 256
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика