• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов Мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Серік Шәпкенов өз сөзінде халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін атап өтті: жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстары дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау.

«Біздің қатысуымызбен барлығы 33 іс-шара қарастырылған, оның 16-сы тікелей Министрлікпен жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», – деді министр.

Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс шеңберінде Еңбекмині фрилансерлер қызметін цифрлық форматқа көшіру мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлеуде. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін түрлі платформаларда оңай тіркеуге, қажетті мамандарды тез табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және Тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 3 және 4 санаттар бойынша (мамандар мен білікті жұмысшылар) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 4,7 мың адамға қысқартылды.

«Жаңа жұмыс орындарын құру өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты жаңарту арқылы бақыланады», – деп толықтырды Серік Шәпкенов.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыты бойынша ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтарды «Ерте анықтау жүйесі» енгізілетін болады. Бұл ретте отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік мәртебесі жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленеді және олардың нақты қажеттіліктері айқындалады.

Сондай-ақ, жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», түлектерге арналған «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары шеңберінде субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылатын болады.

Жастарды жұмысқа ынталандыру үшін заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден жұмысқа келген жастар үшін тұрғын үйді жалға алуға көтерме жәрдемақы енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Көпбалалы отбасылар (76,8 мың) және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (7 мың) үшін барлық өңірлерде әйелдерді қолдау орталықтарын құру жоспарлануда.

«Бұл шаралар нақты қажеттіліктер бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтауға, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Кәсіптік дағдыларды дамыту және еңбек ресурстарын кәсіптік бағдарлау бағыты бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында жаппай қайта даярлау және біліктілікті арттыру «фабрикалары» құрылатын болады. Жастарды оқытуға және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатын болады.

«Сондай-ақ, сұранысқа ие дағдыларды тану жүйесі енгізілуде. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Еңбекмині «Ұлттық біліктілік жүйесі туралы» заң жобасын әзірлеуде. Оның шеңберінде біліктілікті танудың тәуелсіз орталықтарын құру үшін тиімді жағдайлар жасау, жыл сайынғы сертификаттаудан өту үшін ізденушілерге кемінде 1000 ваучер ұсыну көзделеді.

Skills.enbek.kz платформасында онлайн оқу арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеруге жағдай жасалады.

Оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру үшін мансаптық ілгерілеу бойынша кемінде 100 нұсқаулық әзірленетін болады», – деп толықтырды Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтар тізімі жыл сайын жаңартылып отырады.

«Бұл шаралар жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кадрлар даярлауға, жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар туралы хабардар етуге, оларға мамандық таңдауда қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Еңбекминінің басшысы.

  • 11.03.2022
  • 291
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика