- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Өрт қауіпсіздігі қағидалары – 2022: өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі жаңалықтар туралы
2022 жылғы ақпан айында жаңа Өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілді.
Жаңа Өрт қауіпсіздігі қағидаларын қабылдау үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне осы құзыретті беруді көздейтін мемлекеттік басқару деңгейлері аррасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 қарашадағы Заңы негіз болды.
Осы жұмыс шеңберінде қолданыстағы барлық талаптар қайта қаралып, Қағидалардан 200-ден астам талап алып тасталды.
Қағидалардың жаңа редакциясында ескірген, қайталанатын, артық талаптар жоқ.
Жаңа Қағидалар сондай-ақ мынадай бөлімдермен толықтырылды:
- вахталық объектілердің аумақтары мен үй-жайларын күтіп-ұстау кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигондарын күтіп-ұстау кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі;
- өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау талаптары.
Барлық объектілерге ортақ ұйымдастырушылық сипаттағы негізгі талаптар Қағидалардың Жалпы тарауында қамтылды.
Жаңа Қағидалардың талаптарына сәйкес объектідегі өрт қауіпсіздігін ұйымдардың басшылары ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалар және объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар тұлғалар, яғни жалға алушылар да қамтамасыз етуі тиіс.
Темекіні енді тек қана өрт, жарылыс қауіпті үй-жайларда ғана емес, басқа да арнайы осы мақсатқа арналмаған орындарда шегуге тыйым салынады. Темекі шегу үшін ұйым басшысы арнайы орын бөлуі және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және тиісті жазумен қамтамасыз етуі қажет.
Жаңа Қағидалар өрт шығу көздерін болдырмау мақсатында өшірілмей қалған темекіні және әзірленіп жатқан тамақты қараусыз қалдыруға тыйым салады.
«Глэмпинг» деген түсінік пайда болды, ол табиғатта демалу мүмкіндігі мен қонақүй нөмірін қамтитын кэмпингтің бір түрі.
Блок-контейнерлер мен тұрмыстық шағын вагондарды пайдалану талаптары Қағидалардың жалпы тарауына ауыстырылып, енді бұл талаптар құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс учаскелерінде ғана емес, барлық объектілерде сақталуы тиіс.
Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды әр бес жыл сайын жүргізу қажеттілігі көзделді.
Жаңа Қағидалар бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет етуді және оларды жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстарын білікті мамандар немесе қуаты аз жабдықпен жұмыс істеу саласындағы ұйымдар орындайды.
Найзағайдан қорғау құрылғыларын техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде аккредиттелген ұйымдардың тексеру қажеттілігі нақтыланды.
Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес өрттен қорғау жүйелері мен авариялық жарықтандыруды қоректендіруге арналған дербес электр желісінің сенімділігі бірінші санатты болу қажеттілігі нақтыланды.
Жаңа Қағидалар объектілердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің жай-күйіне оң ықпалын тигізеді деген ойдамыз.
- 11.03.2022
- 232