- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстанда шот-фактуралар арқылы ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізу қағидалары әзірленіп жатыр
Мемлекет басшысының «өндірушіден тұтынушыға дейін» тізбегі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына бірыңғай мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Үкімет шот-фактуралар арқылы ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеп жатыр.
Сауда министрлігі азық-түлік тізбегі ысырабын азайту, бағаларды тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарының желісі инфрақұрылымы түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс істеуде.
Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру шеңберінде сауда тізбегінің барлық кезеңдерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын мониторингілеудің цифрлық инфрақұрылымы әзірленуде.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Ол арқылы Министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өндірушіден сауда желілеріне дейінгі аралықта (делдалдарды алып тастау мақсатында) қадағалауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнін және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеудің қолданыстағы әдістемесін қайта қарау бөлігінде оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларына түзетулер дайындады. Бүгінгі күні бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде.
СИМ уәкілетті мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ӘМАТ тауар бағасын тұрақтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік базарларында монополияға қарсы орган мынадай жұмыс жүргізді:
- Бағаны ұстап тұру және 10% - ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 199 актісі жасалды.
- бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстемдігін теріс пайдалану белгілері бойынша 5 тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2022 - 2024 жылдарға арналған кешенді шаралар мақұлданды. Іс-шаралардың басым бөлігі азық-түлік инфляциясын болдырмауға бағытталған.
Бағаны ұстап тұру мақсатында:
- 2021 жылғы 15 қазаннан 2022 жылғы 15 сәуірге дейін ІҚМ және ҰҚМ аналық басын экспорттауға тыйым салу
- 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін 38 мың тонна мөлшерінде ай сайынғы көлемді белгілей отырып, 114,0 мың тонна мөлшерінде күнбағыс майын экспорттауға квоталар мөлшерін белгілеу; 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап сәбізді экспорттауға салынған тыйымның күшін жою; 30 сәуірге дейін 144,5 мың тонна картопты және 57,5 мың тонна тұқымдық картопты экспорттауға бір мезгілде сандық шектеулер енгізе отырып, картоп экспортына тыйым салуды алып тастау.
Бұдан басқа, цифрлық үкімет кеңсесінде апта сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ә. Смайыловтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізіледі, онда ӘМАТ тауарларының әрбір атауы бойынша проблемалық мәселелер қаралады.
Алтын орда базарында делдалдарды анықтау бойынша тексеру басталды.
Анықтама:
Жыл басынан бері 1 наурыздағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 2,1% - ды құрады. Қырыққабат - 42,4%, картоп – 9,1%, сәбіз – 6,3%, тұз – 3,8%, пияз – 3,5%, нан – 2,8%, қант – 2,7%, қарақұмық жармасы – 2,3%, сүт – 2,1%, айран – 1,8%, сары май – 1,3%, тауық еті – 0,9%, ұн – 0,7%, рожки – 0,7%, сүзбе – 0,6%, сиыр еті – 0,2%, күріш – 0,1%, күнбағыс майы – 0,1% қымбаттаған.
Жұмыртқа бағасының төмендеуі байқалады-2,7%.
- 14.03.2022
- 120