• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
3 қазаннан бастап Қазақстандық экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша жеңілдетілген ережелері күшіне енеді

Елдің шикізаттық емес экспортының үлесін кеңейту және ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу жөніндегі қолданыстағы қағидаларға бірқатар түзетулер енгізді.

Сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл бойы ережелер бизнеспен белсенді талқыланып, бірге пысықталды. Кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, қолдау көрсету тәртібі айтарлықтай жетілдірілді.

Жаңа ережелерде құжаттар пакеті оңтайландырылды, шығындардың жаңа түрлері енгізілді, өтелетін тауарлардың тізбесі өзектендірілді, тауарды қайта бөлу деңгейіне байланысты өтеу лимиттерін градациялау, сондай-ақ шығындар үшін өтем алу кезінде кәсіпорындардың қарсы міндеттемелері қарастырылған.

Мәселен, жол парағын, түрлі анықтамаларды, фотосуреттерді және басқа да құжаттарды ұсыну қажеттілігі жойылды.

Енді трейдерлер мен дистрибьюторлар, сондай-ақ өңделген тауарларды экспорттайтын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері шығындардың бір бөлігін өтей алады.

Сыртқы нарықтардағы сауда сөрелерін жалға алу төлеміне жұмсалған шығындар да өтеледі.

Бұдан басқа, шетелдік форумдарға, конкурстарға және конгрестерге қатысуға жұмсалған шығындардың бір бөлігі және сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынамалық үлгілерін жеткізуге, тауарларды өз автокөлігімен тасымалдауға жұмсалған шығындар да өтелмек. Шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалану бойынша рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге, шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындардың бір бөлігі өтелетін болады.

Шығындардың бір бөлігін өтеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесінде отандық өндірушінің мәртебесін растайтын құжат көзделген. Бұл: индустриялық сертификат, сәйкестік туралы декларация, шығу тегі туралы сертификат, ветеринариялық сертификат және т. б. құжаттар.

Стандарттау үшін тауарларды жеткізу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаражаттың көлемінің бұрын көрсетілген 1/50 орнына 75 000 АЕК-ке дейін өзгертілді. Осылайша, кепілдік берілген өтем сомасы бюджеттеуге байланысты болмайды.

Жаңа ережелерде кәсіпорындардың қарсы міндеттемелері бойынша мәселелер де реттелген.

Бұдан басқа, кәсіпорындардан өтінімдер енді тек электронды түрде қабылданатын болады, бұл уақытты үнемдеуге және өтініш берушілердің қосымша пошта шығындарын жоюға мүмкіндік береді.

«Құралдың негізгі міндеті – экспортқа бағдарланған өндірушілерді қолдау және ынталандыру. Бұл оларға экспорт көлемін, экспорттық қоржынның (корзинаның) номенклатурасын ұлғайтуға, елдер географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. ЕАЭО нарығына, үшінші елдердің нарығына шығуға, тауарлардың жаңа түрлерін шығаруды жолға қоюға жол ашады. Бүгінде біз бірнеше жүздеген экспорттаушылармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Алайда, бұл бюджет қаражаты екенін және оларды тиімді пайдалану үшін мемлекет бизнеспен бірге жауапты екенін ұмытпаған жөн.», - деп атап өтті Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

«Шығындарды өтеуге рұқсат алған компаниялар негізінен көрші елдерге: Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Қытайға экспорттайды. Сондай-ақ Швейцария, Бангладеш, Ирландия, Бахрейн елдеріне шығуда.  Сонымен қатар, шығындарды өтеу арқылы Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ және т. б. жаңа нарықтарға шығу оңайырақ болады.

Осы мемлекеттік қолдау шараларының барлығы кәсіпорындарға саудада неғұрлым тиімді және бәсекеге қабілетті болуға, сондай-ақ ішкі өндіріс пен экспорттық түсім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, салық аударымдарын ұлғайта отырып, ұлттық экономиканың дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына оң серпін беру керек, - деді «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов.

Жаңа ережелер 2020 жылғы 3 қазаннан бастап күшіне енеді.

Өтінімдерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің операторы – «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ онлайн, www.export.gov.kz web-порталы арқылы жүзеге асырады.

Анықтама телефондары: 8(7172) 79-33-97 (ішкі: 444).

  • 12.10.2020
  • 405
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика