• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда министрлігі тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жоспарлау жасауда

Ағымдағы жылдың қазанында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың төрағалығымен,уәкілетті органның өкілдері және тұтынушылардың қоғамдық ұйымдардың қатысуымен онлайн-конференция өтті. Күн тәртібінде Тұтынушылардың құқық қорғау комитетімен әзірленіп жатқан Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тұтас жүйесін құру мәселесін қарастырды.

Вице-министрдің айтуынша, Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі қазіргі таңда тиімсіз және де модернизацияны талап етеді. Әдетте, халықтың құқықтары мен мүдделері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға қоса, қоғамдық ұйымдардың да назарынан тыс қалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметтерінің жарлығымен, Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылға дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тұтас жүйесін құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кірісті. «Жоспар жобасында көрсетілген іс-шаралар Парламент Мәжілісі қабырғасында айтылған барлық тұжырымдамалық проблемаларды айқындайды. Атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге бірлесіп қатысу үшін мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің құрамына тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін қосу мәселесі шешілуде. Соттарда тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі қызмет күшейтіледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдірудің маңызды сәттерінің бірі - бұл барлық қоғамдық бірлестіктердің бірігуі, тәуелсіз азаматтардың мүдделері үшін олардың негізгі шешімдерін талқылауы және қабылдауы », - деп мәлімдеді Қайрат Қалмұқаметұлы.

Конференцияның 70-тен астам қатысушылары қолданыстағы «Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі негізінде Республикалық тұтынушылар палатасын құру туралы мәселені қызу талқылады. Атаулы іс-шарада сындарлы ұсыныстар енгізілгенмен қатар, тұтынушылардың бірыңғай әлеуметтік институтының жаңа моделі туралы пікір алмасу өтті. Соңында, барлығы республикалық палатада аймақтардағы кеңейтілген, көпсалалы өкілдіктер жүйесі болуы керек және тұтынушылардың барлық қоғамдық бірлестіктерін қамтуы керек деген пікірге келді.

Қатысушылар арасында сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар негізінде омбудсмен институтын құру тақырыбында белсенді ойлар туды. Омбудсмен қызметі барлық тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ барлық қоғамдық бірлестіктер атынан спикердің функцияларын жүзеге асыруға және олардың мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғауға бағытталады деп болжануда.  Омбудсмен қолданыстағы тұтынушылар бірлестіктері мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы сайланады.

Конференция аясында тұтынушылардың құқықтық мәдениетін, тұтынушылық сауаттылығын арттыру мәселесі көтерілді. Осыған орай тұрғындар, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, содан кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің құралдары туралы ақысыз онлайн дәрістер курсын ұйымдастыру жоспарлануда.

Онлайн-конференция нәтижесінде Министрлік пен «Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы» ЗТБ арасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум» жасасу туралы шешім қабылданды. Келісімге сәйкес тараптар жоспарланған іс-шаралардың жемісті жүзеге асырылуына ықпал ететін бірқатар келісімдерді орындауға міндеттенді.

Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтеру мақсатында осы Жоспарды жүзеге асыруда Қазақстандағы сапалық деңгейге түбегейлі көтеретін бірқатар жаңалықтарды көздейді.

Жоспарды қабылдауға бір ай мерзім берілді.Ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарастыруына ұсынылуы керек.

 

 

Байланыс деректері:

Баспасөз қызметі : Ахметова Мадина

Телефоны: 8-701-804-43-73

Электронды почтасы: press.kzpp@gmail.com

  • 12.10.2020
  • 370
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика