• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Amanat партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтармен кездесу туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «еститін мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттері шеңберінде Агенттік менің жеке қатысуыммен азаматтарды Amanat партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жүйелі түрде қабылдайды.

2022 жылғы 15 наурызда өткен соңғы қабылдау шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалары азаматтарының өтініштері қаралды. Кездесуде кепілді кредит қарыздарын қайта қаржыландыруға, Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты мәселелер қаралды. 

Агенттіктің атына келіп түсетін бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды. Азаматтар көтерген барлық мәселелер бақылауға алынып, заңнама нормалары мен белгіленген мерзімдер сақтала отырып орындалуда.

2021 жылы Агенттікке азаматтардан шамамен 21,8 мың өтініш келіп түсті, барлық өтініштің 72,5%-ы банк секторына тиесілі.

2022 жылдың басынан бері азаматтардан шамамен
1,6 мың өтініш келіп түсті, қаралған өтініштердің жалпы санының 77,0%-ы банк секторы, 11%-ы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, 3%-ы сақтандыру нарығының субъектілері, 3%-ы коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ 6%-ы өзге ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша.

Агенттік қарыз алушылардың банктер қараған өтініштері бойынша статистикалық деректердің тұрақты мониторингін және жинақтауды жүзеге асырады. Өтініштер, негізінен, жасалған банктік қарыз шарттары бойынша талаптарды өзгертуге қатысты.

Деректерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтарда банктерге мерзімі өткен берешекті өтеу мәселесі бойынша 11 617 қарыз алушы жүгінген. Оның ішінде 5 891 қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер мақұлданды. 7 025 қарыз алушы бойынша банктер жалпы сомасы 12,05 млрд теңгеге қарыз мерзімін өзгерте отырып негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды мақұлдады.

2021 жылы Агенттік 238-ден астам кездесу ұйымдастырды, онда
2 543 азамат қабылданды, 2022 жылдың басынан 113 азаматпен 7 кездесу ұйымдастырылды.

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2021 жылы сall-орталыққа 5,8 мыңнан астам азаматтан қоңыраулар түсті, 2022 жылдың басынан бері 2,8 мыңға жуық азамат қоңырау шалды.

Агенттікке ресми өтінішті кез келген ыңғайлы тәсілмен: жазбаша түрде, egov порталы немесе eotinish өтініштер жүйесі арқылы беруге болады.

(https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/activities/population?lang=ru)

 

                    

 

  • 16.03.2022
  • 278
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика