• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мониторингтік топ маңғыстаулықтарды азық-түлік бағасының өсуіне қатысты алаңдамауға шақырды

Мониторингтік топ БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы азық-түлік қоймаларын тексеріп, баспасөз турын өткізді. Шара аясында олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, соның ішінде қант және ұн бағаларымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және баға мониторингі бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 3% өскен. Бөлім басшысы Әли Сәрсеновтың айтуынша, біздің өңірге азық-түлік тауарларының 85% басқа өңірлерден және шет елдерден әкелінеді.

- Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қанттың тапшылығы мен қымбаттауы туралы ақпарат тарауда. Осы себепті 14 наурыз күні біз БАҚ өкілдерімен бірге, өңірлік тұрақтандыру қорының, "Анвар" және "Дина" ЖШС қоймаларын, сондай-ақ Ақтау қаласындағы ірі сауда желілерін тексеріп, қоймадағы қант қорын қарау үшін баспасөз турын ұйымдастырдық. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 421 тонна қант сақталған. Он күн ішінде тағы 340 тонна қант келеді деп күтілуде. Облыс бойынша 1 келі қанттың орташа бағасы 295 теңгені құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлермен азық-түлік тауарлары нарығында алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 наурызында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссия сауда желілеріне 136 тонна (1 келі үшін 265 теңге) көлемінде қант интервенциясын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады, - деді Әли Сәрсенов.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Сауқымбек" ЖШС мен “Азық-түлік корпорациясы" АҚ ұн мен кебек өндірісі үшін шамамен 24 000 тонна астық жеткізу туралы келісім-шарт жасасты. Статистика деректері бойынша өңірде 1 сұрыпты ұнның орташа бағасы 1 келі үшін 257 теңгені құрайды. Облыс әкімдігі мен "Сауқымбек" ЖШС арасында 1 сұрыпты Мұнайлы маркалы ұнын 135 теңгеге және Каспий маркалы ұнды 150 теңге мөлшерінде ұстап тұру туралы меморандум жасалды.​ ​

- Облыс тұрғындары үшін апта сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жыл басынан бері осындай 70 жәрмеңке өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша ірі және ұсақ сауда ұйымдарымен 436 меморандумға қол қойылды.
Үйдің астында орналасқан 1589 азық-түлік дүкендерінің иелеріне ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес ӘМАТ-қа(әлеуметтік маңызы бар азық-түлік) 15% - дан астам үстеме ақыға жол бермеу туралы хабарлама хаттар табысталды.
Бағаның қолжетімділігін арттыру мақсатында "Халықтық бақылау" жобасы іске асырылуда. Өңір бойынша 53 мониторингтік топ құрылды. Оларға 400-ден астам белсенді адамдар жұмылдырылды. 60%-ы әр түрлі деңгейдегі депутаттар мен қоғамдық белсенділерден, сондай-ақ ауыл әкімдері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерден тұрады. ​ ​Мониторинг топтар аптасына екі рет мониторинг жүргізеді,-деді Әли Сәрсенов.

Бөлім басшысы қант тапшылығы жоқ екенін айтты. Қант қаланың барлық сауда орындарында сатылып жатыр.

  • 17.03.2022
  • 246
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика