- Блогтар
- Қарашөкеев Е.Ш.
Қарашөкеев Е.Ш.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы
Орталық коммуникациялар қызметінде Холдингтің ағымдағы жылдың 1- қыркүйегіне дейінгі атқарған қызметі жайында баяндама жасап, тілшілер сұрақтарына жауап бердім
2020 жылдың 8 айында Холдингтің АӨК-де 274,5 млрд теңге. (Аграрлық Несие Корпорациясы 188,7 млрд теңге, КазАгроҚаржы- 59,4 млрд. теңге, Ауыл Шаруашылығын Қаржылай Қолдау Қоры- 26,4 млрд. теңге).
2019 жылдың қорытындысы бойынша – несие мен лизингке - 449 млрд. теңге және а/ш өнімдерін сатып алуға 28 млрд. теңге бағытталған
Былтырғы жылдың салалық қаржы бөлу үлесі – өсімдік шаруашылығына- 52%, мал шаруашылығы- 35%, қайта өңдеу-8%, және «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылыққа жатпайтын кәсіптің үлесін қоса есептегенде - 5% құрады.
«Кең-дала» Бағдарламасы
«Кең дала» бағдарламасы бойынша 2020 жылы егістік және жинау жұмыстарына 70 млрд. теңге қаражат бөлінген. 2391 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері (АШТӨ) 3,3 млн гектар жерді өңдеуге бөлінді. Ал, 2019 жылы 1999 АШТӨ-не 60 млрд теңге қаржы бөлінген. Егістік және жинау жұмыстары бойынша несиелік пайыз мөлшерлемесі 5 %-ға дейін кеміді. 2019 жылы 7%-ды құраған еді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы
«Қарапайым заттар эконмикасы» бағдарламасының жүзеге асуы
- Егістік және жинау жұмыстарына – 344 АШТӨ-не (921 мың г.) 15,6 млрд теңге (02.10.2020ж)
- Басқа да бағыттар бойынша 1425 АШТӨ-іне 64,6 млрд тг. мұның ішінде 2020 жылы – 882 АШТӨ-ке 41,7 млрд теңге.
Ауыл шаруашылық техникаларының лизингі
ҚАҚ-74 млрд. теңге қаржыға – 4222 ауыл шаруашылық техника бірлігі сатып алынған. 2019 жылы – 5893а/ш техника бірлігі - 98,5 млрд теңгеге сатып алынған.
«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы
«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,5 млрд теңгелік 7067 шағын несие берілген. 2019 жылыжалпы құны- 64,76млрд теңге16 181 несие берілген.
АШҚҚҚ-нан 729,9 млн теңгеге 2013 кепілдік бөлінген. 2019 жылы 1,07 млрд теңгеге341 кепілдік берілген.
«Сыбаға» Бағдарламасы
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 108 АШТӨ жалпы құны 7,5 млрд теңге болатын 11 639 ірі қара мал әкелінген. 2019 жылы 41,8 млрд теңгеге 63 мың ірі қара мал басы алынған.
Ұсақ мал үлесі бойынша, 330 АШТӨ-не 125 942 мал басы жалпы құны 5 млрд теңгеге сатып алынды. 2019 жылы – 374 мың ұсақ мал 12 млрд теңгеге қаржыландырылған.
Инвестициялық жобалар
Жалпы құны 638 млрд.теңгеге 793 инвестициялық жоба қаржыландырылды, несиелеу сомасы 474 млрд. теңге. Жалпы құны 506 млрд.теңге болатын 721 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 2019 жылы – 106 млрд. теңгеге 87 жоба, 2020 жылдың 8 айында – 20 млрд. теңгеге 16 жоба пайдалануға берілді.
Жұмыс орындары
Қаржыландырудың барлық бағдарламалары бойынша 2019 жылы 18,3 мың жұмыс орны ашылды.
Қаржыландырудың қолжетімділік көрсеткіші:
- Несиенің шамамен 86% -ы, ұзақ мерзімді (15 жылға дейін) жеңілдетілген мерзімі 3 жылға дейін.
- Берілген несиенің ұсақ және орта бизнес үлесі жалпы бөлігі 97 % құрады.
- несие қоржынында 79 мың қарыз алушы бар (2019 жылы 24,9 мың адам қаржыландырылған).
Кепіл саясатын жақсарту
АНК кепілдік саясатына барынша жоғары рұқсат етілетін мөлшерлеме бойынша өтімділік коэффициентін (ӨК) пайдалануға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Бұл фермерлерге несиенің алдын-ала сомасын өз бетінше есептеуге және бұрынғыға қарағанда үлкен несие алуға мүмкіндік береді.
АШҚҚҚ кепіл саясатында кепілдің жекелеген түрлері бойынша КЖ арттырылды. Егістік жерлер бойынша ӨК 0,4 – тен 0,7-ге дейін; жайылымдар бойынша-0,3-тен 0,6-ға дейін ұлғайтылды.
Бұдан басқа, енді АШҚҚҚ болашақта меншікке (жылжымайтын мүлік, мал және т.б.) жоғары ӨК - 0,5 түсетін мүлікті кепілге қабылдайды. Яғни, несие берілген сәтте несие сомасының бір бөлігі кепілсіз беріледі (Болашақ кепілдік қамтамасыз ету сомасына), бұл шағын фермерлер – Қордың қарыз алушысы үшін қаржыландырудың қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.
Холдингтің Трансформациясы
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдаған холдингті трансформациялау бағдарламасы әзірленді.
Еншілес компаниялардың саны 7 ден 3 ке дейін қысқарту нәтижесінде Холдинг құрылымы оңтайландырылды. «Казагромаркетинг» ЖШС-і, «КазАгроГарант» АҚ-ы және «КазАгроӨнім» АҚ-ы таратылып, «Продкорпорация» АҚ-ы АШМ-ге берілді.
Аталған шараларды іске асыру Холдингті қысқа мерзімде АШТӨ техникаларына сапалы кредит беруді және лизинг беруді қамтамасыз етуге шоғырланған жинақы және тиімді қаржы институтына айналдыруға мүмкіндік берді, онда әрбір еншілес компания АШТӨ үшін талап етілетін қаржылық қызметтердің әртүрлі спектрін іске асырады:
1) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – жобаларды несиелендіру, КДЖ, несие серіктестіктерін, ЕДБ және басқа да қаржы институттарын қорландыру.
2) «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі.
3) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 30 млн.теңгеге дейін микрокредиттеу, микрокредиттер мен ЕДБ кредиттеріне кепілдік беру, сақтандыру жөніндегі агент.
Автомататтандыру
«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін өтінімдерді электронды түрде қабылдау тетігі енгізілді. Өтінімдер https://online.fagri.kz порталында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екі облыста (Алматы және Ақмола) қабылданады
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша АШҚҚҚ екі филиалында 166 өтінім қабылданды, 144 өтініш бойынша алдын ала мақұлдау туралы куәлік, 22 бас тарту берілді. Мақұлданған 35 өтінім бойынша қаржыландыру берілді.
«ҚазАгро» экожүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, онда клиенттерге ыңғайлы болу үшін стандартты бизнес жоспар және ауыл шаруашылығында шығынсыз бизнесті жүргізу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық ұсынылатын болады.
Автоматтандыру есебінен микрокредит бойынша алдын ала шешім қабылдау мерзімі 3 сағатқа дейін қысқартылды, түпкілікті шешім қабылдаудың ең ұзақ мерзімі 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Нәтижесінде 12 мың қарыз алушыға немесе Холдинг клиенттерінің 50% - ына электрондық форматта толық қызмет көрсетіледі.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша жүйені сәтті іске қосқаннан кейін іске қосылатын егістік және жинау жұмыстары және несие серіктестері арқылы «Іскер» бағдарламасын несиелеу бойынша процестер автоматтандырылды.
Жыл соңына қарай КАФ лизингтік өнімдерді қаржыландыру процестерін автоматтандыру және өтінімдерді қараудың онлайн-жүйесін іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, фермерлерге ыңғайлы болу үшін Қордың несие өнімдерінің саны 15-тен 4-ке дейін оңтайландырылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін АНК және КАФ несие өнімдерінің желісі оңтайландырылады.
- 14.10.2020
- 514