- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қайрат Төребаев «AMANAT» партиясының базасында азаматтарды қабылдады
2022 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Осылайша, өтініш берушілер Надежда Коба мен Алтынгүл Турлыбекова ӘМАТ тауарларына баға белгілеу мәселесі бойынша жүгінді.
Өз кезегінде, Қайрат Төребаев ресми статистикалық деректер бойынша бағаның өсуі 2022 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басымен салыстырғанда 2,3%-ға өскенін (2021 жылғы ұқсас кезеңде бағаның өсуі 2,8%-ды құрады) хабарлады.
Сонымен бірге, республика бойынша жеміс-көкөніс өнімдеріне бағаның өсуі байқалады (ағымдағы жылдың басынан бері баға қырыққабат – 44,7%, картоп – 9,6%, сәбіз – 6,6%, тұз – 3,9%, пияз – 3,9%, қант – 3,3%-ға өсті. Жұмыртқа бойынша бағаның 2,6%-ға төмендеуі байқалады. Күнбағыс майының бағасы тұрақты.) Көкөніс бағасының өсуінің негізгі себебі маусымдылық факторы (сақтау шығындарының артуы және қорлардың қысқаруы) болып табылады. Бағаларды тежеу мақсатында Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мынадай шаралар қабылдауда.
Ол сондай-ақ, жүргізілген талдауға сәйкес бөлшек сауда дүкендеріндегі, сауда желілеріндегі (орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын) үстемеақылар рұқсат етілген мөлшерден сирек асып кететіні анықталғанын хабарлады.
Бұл ретте, шағын және микрокәсіпкерлік санатына жататын және «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының қолданылу аясына жататын «үй жанындағы дүкендермен», шағын базарлармен сауда үстемесін арттыру жағдайлары жиі байқалады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағында жоспардан тыс тексерулерге (нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері) жол беріледі.
Сонымен қатар, Қайрат Төребаев өтініш берушілерге ӘМАТ-тың бағасы айқын көтерілген жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 204-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне кассалық чекті қоса бере отырып, шағым беруге болатынын айтты.
Сонымен бірге, талдау бағаны көтерудің негізгі себептері өнімсіз делдалдардың шамадан тыс саны болып табылатынын көрсетті. Осыған байланысты азық-түлік тауарлары бағасының барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар құрылды.
Қабылданып жатқан шаралармен қатар, жергілікті атқарушы органдар «айналым схемасы» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен қаржыландыру беру мәселесін пысықтауда және тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қорлары қалыптастырылуда.
«Бүгінгі күнге тұрақтандыру қорларында 27,0 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар, сондай-ақ шамамен 127,2 мың тонна тауарларды жеткізуге форвардтық шарттар жасалды. Жергілікті бюджеттерден «айналым схемасы» бойынша жеңілдікті қарыздар беруге 57,6 млрд.теңге бөлінді. «Айналым схемасы» тетіктері мен тұрақтандыру қорларын қаржыландыруды 140,0 млрд.теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Ірі өндірушілер мен сауда желілері арасында ӘМАТ (күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, жұмыртқа және т.б.) бағаларын төмендету және ұстап тұру туралы келісімдер жасалады», - деп атап өтті Қ. Төребаев.
Бұл ретте, шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, әкімдіктер ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге белгілеуге құқылы.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы босату бағасының 15%-ынан аспайтын сауда үстемесін көздейді және әкімдік әлеуметтік маңызы бар тауарға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасын белгілеген жағдайда, аталған тауардың бағасы бекітілген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауға тиіс.
ҚР СИМ баспасөз қызметі
- 25.03.2022
- 182