- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
«АШЫҚ ДИАЛОГ» ПОРТАЛЫНДА САУАЛНАМА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті әріптестер!
«Бір реттік пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды радиациялық стерилизациялау үшін электрондық үдеткіштерді қолдану» тақырыбында өтетін интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз. Сіз аталған тақырып бойынша сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Интернет-конференцияға қатысу үшін Ашық үкімет порталындағы «Ашық диалог» блогының «Ядролық физика институты» РМК бөліміне өту немесе https://dialog.egov.kz/conference/2309 сілтемесіне кіру қажет.
Келіп түскен мәселелерді талқылау 2022 жылғы 29 наурыз күні сағат 09.00-ден бастап, 30 наурыз күні сағат 15.00 дейін өтеді.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 29-30 наурыз аралығында «Ашық диалог» порталында «Бір реттік пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды радиациялық стерилизациялау үшін электрондық үдеткіштерді қолдану» тақырыбы бойынша онлайн-сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Сауалнама https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=2992 сілтеме бойынша қол жетімді.
- 28.03.2022
- 204