• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық мәселелері

Жұмыс сапары аясында «Севказэнерго» АҚ ЖЭО-2 энергетикалық кешенінің және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен таныстым. Сондай-ақ, сапар барысында өңірдің экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланған кеңес өтті. Солтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР ЭГТРМ экологиялық реттеу комитетінің төрағасы З.Жолдасов айтып берді.

Бүгінгі күні дәл осы «Севказэнерго» АҚ ластаушы заттардың жоғары концентрациясы бар барлық шығарындылардың 70%-ын құрайды. Сонымен қатар, бұл жылу энергиясын жалғыз жеткізуші. Петропавл ЖЭО-2 үшін эмиссияның белгіленген лимиті жылына 40 мың тоннаны құрайтынына қарамастан кәсіпорында жыл сайын 1 млн тоннадан астам күл-шлак қалдықтары шығарылады. Бұл ретте автожолдарды салу мен жөндеуде аршу және күл-шлак қалдықтарын пайдалану мәселесі шешілмеген. Бұл қалдықтарды орналастыруға және жаңа полигондар салу қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Осы мәселе бойынша  бір апта ішінде күл-қоқыс қалдықтарын пайдалану бойынша іс-қимыл жоспарын ұсынуды тапсырдым. Атап айтқанда, әкімдікке «Севказэнерго» АҚ-мен бірлесіп жолдар мен объектілер салу кезінде өнеркәсіптік қалдықтарды тарту мәселесін пысықтау жүктелді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша атмосфералық ауаны жоғары ластау көзі «Қызылжар су» ЖШС балансындағы «Биопруд» сарқынды су жинағышы болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорын өз қаражаты есебінен хлорелланы сынамалы іске қосу бойынша жұмысты бастады, жоба 3 жылға есептелген. Биологиялық оңалту әдісі Қазақстанда алғаш рет қолданылады. Оң нәтиже болған жағдайда технологияны республика бойынша көбейтуге болады. Осы мәселе бойынша  ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін қалалық КТҚ-ны реконструкциялау жөнінде шаралар қабылдау және мониторингтің автоматты жүйесін енгізуге тапсырма бердім.

Айта кету керек, жыл сайын қалалық полигонда ҚТҚ тұтануы орын алады. Бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі 2024 жылы аяқталады. Осыған байланысты  полигонның жануын болдырмау, кейіннен рекультивациялау және жаңа полигон салу бойынша іс-шаралар әзірлеуді тапсырдым.

Кеңес барысында облыста 456 қалдықтарды орналастыру объектісі бар екендігі, оның 16-сы ғана рұқсат беру құжаттамасына ие екендігі атап өтілді. Алайда, олар санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан  нысандарды қалпына келтіруді, оңтайландыруды және заңдастыруды, сондай-ақ, «Қазақстан Ғарыш Сапарының» және т.б. деректеріне сәйкес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін 100% жоюды қамтамасыз етуді тапсырдым.

Ескеретін жайт, өңірде «СҚО-ның 2020-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы» бекітілді. Ол атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясын қысқартуды, жасыл белдеуді дамытуды, көгалдандыру мен абаттандыруды, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингті, қалдықтарды басқаруды, радиоактивті ластануды, жер қойнауын пайдалануды және т.б. көздейді. Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасына облыстағы экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қосымша іс-шараларды енгізу тапсырылды.

  • 30.03.2022
  • 226
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика