- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
ҚР СІМ-де азаматтарды қабылдау өтті
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 5 сәуір - «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Президенттік тұжырымдамасы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан азаматтарын қабылдау өтіп, олардың Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге өз сұрақтарымен жеке жүгінуге мүмкіндігі болды.
Кездесу барысында келушілер СІМ басшылығымен мәдениет, білім беру, инвестициялар және ислам банкингі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан азаматтары сыртқы саяси ведомствоны жақсарту бойынша өз тілектерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Министрліктің кадр саясатының мәселелері қарастырылды.
ҚР СІМ басшылығының қабылдауына жазылу үшін азаматтар келесі байланыс нөмірі бойынша хабарласа алады +7 (7172) 72 05 12.
- 06.04.2022
- 143